Өмір адамды есейткен сайын біз ата-анамыздың қадірін тереңірек түсіне бастағандаймыз. Кейде өзіме сұрақ қоямын, неге осы күнге дейін әкем мен анама ренішім көп болды? Оларға не үшін әрдайым көңілім толмайды? Олар неге мені жақсы көрмейді? Бой жеткенде осы сұрақтын басты жауабы - мен екенімді түсіндім. Әр нәрсе үшін өзімнен сұрау алып үйрендім. Яғни біреуден мін іздемей, өзіммен жұмыс жасау. Бұл нәрсені кеш түсінгеніме өкінемін. Қазір мен қос қанатымнан жырақтамын. Басында әрине, қиын болды. Жыладым, сағындым, көңіл-күйсіз жүрдім. Оқу мен студенттік өмір қарбаласқандығынан қоңырау шалуды да ұмытып бастадым. Қысқаша, ата-анамнан жырақтағы өмірім, олардың ақ батасы мен қолдауынсыз, мен басқа ешкімге керек емес екенімді көрсетті. Негізі шын мәнінде, менің әрбір қадамымның артында әкем мен анамның еңбегі, тәрбиесі, әрі маған деген шексіз махаббаты тұр.
Ана - мейірімнің бастауы. Үндемей тұрсақ түсінетін, қателессек кешіретін, күрсінсек қолдауын шашатын жан. Ананың жылы сөзі, ыстық алақаны, жұмсақ құшағы мен хош иісі мәңгілік.
Әке - өмірлік тірек. Менің әкемнің ең үлкен мәртебесі - ол оның салмағы. Иә, жақсы көретінін көп сөзбен айтпасада, іспен көрсететін асқар тауым. Шыдамды қорғаушым, бағыт-бағдар көрсетушім. Әкенің тәрбиесі ерекше. Әсіресе қызға деген. Сәл еркелетсе қуанып, сәл дауысын көтерсе тез көңілге алып қаламын, не қасиет деймін да…
Анадан айырмашылығы да осында.
Сіздерді сағындым, алыстағы жақындарым…
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі