Қазақстандағы кино саласы соңғы жылдары айтарлықтай өзгеріп, жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұрын қазақ киносы белгілі бір тақырыптар айналасында ғана айналатын болса, қазір жанр кеңейді, жас режиссёрлер көбейді және көрермен талабына сай жобалар пайда бола бастады. Бұл – еліміздегі мәдени индустрияның дамып келе жатқанын көрсететін маңызды белгілерді бірі деп есептеймін. Қазақ киносының дамуына бірнеше фактор әсер еткендігі белгілі. Біріншіден, отандық продакшн студиялар саны артты. Бұрын тек “Қазақфильм” негізгі орталық болса, қазір жекеменшік компаниялар да нарыққа белсенді кіріп, жаңа идеялар мен жаңа формат алып келді. Екіншіден, жас режиссёрлердің батыл тәжірбиелері киноның стилін, мазмұнын, тіпті түсіру тәсілін өзгертті. Жалпы, қазіргі фильмдердің басым идеялары өмірден алынған, жақсы жағы болсын, жаман жағы болсын. Соңғы жылдары отандық комедиялар, әлеуметтік драмалар, тарихи фильмдер халық арасында үлкен сұранысқа ие болды. Қазіргі заман туралы түсірілген фильмдер қоғамның шынайы өмірін көрсетуге тырысады. Мұның бәрі – көрерменнің киноға деген қызығушылығын арттырғандай. Бұл да бір маркетинг жолы. Сонымен қатар цифрлық технологиялар да кино өндірісін айтарлықтай жеңілдетті. Компьютерлік графика, сапалы монтаж бағдарламалары, жаңа камералардың қолжетімділігі режиссёрлерге бұрын мүмкін болмаған дүниелерді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде сапалы бейне, жақсы дыбыс және кәсіби деңгейдің өсуіне әсер етті. Дегенмен, қиындықтар да бар. Көптеген режиссёрлер қаржыландыру мәселесімен жиі кездеседі. Коммерциялық табысқа жұмыс істейтін фильмдер көбіне жеңіл жанрларға бағытталатындықтан, әлеуметтік немесе тарихи жобаларға қаржы табу қиынға соғады. Сондай-ақ кейбір фильмдердің таралуы шектеулі, өңірлердегі кинотеатрларға жетуі әркез мүмкін бола бермейді. Соған қарамастан, Қазақстан киносы алға жылжып келеді. Әлемдік фестивальдерде жүлде алған жас қазақстандық режиссёрлер бар, халықаралық платформалар қазақ фильмдерін сатып алуда, ал көрермендер отандық киноға бұрынғыдан да жиі баруда. Бұл – біздегі кино саласының дұрыс бағытта дамып келе жатқанын білдіре ме?!
Қысқасы, Қазақстан киносы – ізденіс жолындағы үлкен мәдени құбылыс. Уақыт өткен сайын тәжірибе артып, сапа жақсарып, көрермен көбейіп келеді. Алдағы жылдары қазақ киносы жаңа деңгейге шығып, әлемдік аудиторияның назарын аударады деген сенім жоғары.
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі