*Ұшқын” газеті: Қазақ ұлттық баспасөзінің жаңа дәуірін бастаған басылым*
XX ғасырдың басы — қазақ халқы үшін саяси серпіліс пен қоғамдық өзгерістерге толы кезең болды. Қоғамның жаңаруы мен ұлттық сананың қалыптасуына ақпарат тарататын сенімді басылымдар қажет еді. Дәл осындай тарихи қажеттілікпен дүниеге келген “Ұшқын” газеті — қазақ баспасөзінің эволюциясындағы шешуші басылымдардың бірі.
Ұшқын” газеті 1919жылдың желтоқсанында жарық көрді. Ол сол кезеңде жаңа орнаған кеңестік биліктің қаулы-қарарларын түсіндіру, елдегі саяси жағдайды халыққа жеткізу, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында шығарылды. Газет Қазақ өлкелік комитетінің ресми органы болды.
Ұшқын” жарық көрген алғашқы нөмірлерінде-ақ қазақ қоғамын алаңдатқан мәселелерді батыл көтерді. Басылым беттерінде:
• ел басқару жүйесіндегі өзгерістер,
• жер-су саясаты,
• қазақ шаруашылығы,
• білім беру ісі,
• жұмысшы-қызметкерлердің жағдайы,
• экономикалық реформалар
сияқты маңызды материалдар жарияланды.
Газетке сол кезеңнің белсенді қайраткерлері, журналистері, ағартушылары өз мақалаларын жазып отырды. Бұл оның қоғамдық маңызын арттыра түсті.
“Ұшқын” газеті — бүгінгі “Егемен Қазақстан” басылымының алғашқы нұсқасы. Ол бірнеше қайта өңделіп, атауы заманына сай өзгеріп отырды:
1919 ж— “Ұшқын”
1925ж. — “Еңбекші қазақ”
1937ж. — “Социалистік Қазақстан”
1991 жылдан бастап — “Егемен Қазақстан”
Осылайша, бүгінгі еліміздің басты республикалық газеті өз бастауын дәл осы шағын, бірақ тарихи маңызы зор “Ұшқыннан” алады.
Ұшқын” газеті — өз дәуірінің атына сай, қазақ журналистикасының дамуына серпін берген ұшқын болды. Ол ұлттық ақпарат кеңістігінің қалыптасуына ықпал етіп, бүгінде Қазақстандағы ең беделді басылымдардың бірі саналатын “Егемен Қазақстанның” тарихи іргетасын қалады.
Жақсыбай Мерей
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
1-курс студенті
Жетекшісі: Жаксылыкбаева Р.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Мерей
Керемет