Баланың өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі-ерте жас.Бұл туғаннан бастап шамамен 6-7 жасқа дейінгі уақытты қамтиды.Дәл осы кезде баланың денсаулығы,ойлау қабілеті,сөйлеуі,мінезі мен жеке тұлғасы қалыптаса бастайды.Сондықтан бұл кезеңді баланың болашағының іргетасы деуге болады.
Ерте жаста бала айналасындағының бәріне қызығып,әр нәрседен жаңа үйренуге тырысады.Ғалымдар да адамның миы осы уақытта өте жылдам дамитынын айтады.Бала көргені мен естігенін тез қабылдап,есінде сақтайды.Сол себепті осы кезеңде берілген тәрбие мен көңіл бөлудің маңызы ерекше.
Баланың дамуы бірнеше бағытта жүреді.Біріншіден,бұл-физикалық даму.Бала жүріп,жүгіріп,секіріп,қимылдау арқылы денесін шынықтырады,бұлшық еттері күшейеді.Екіншіден,танымдық даму-бала ойлап,сұрақ қойып,заттардың не үшін керек екенін түсіне бастайды.Үшіншіден,сөйлеу дамуы-бала сөздік қорын көбейтіп, өз ойын айтуға үйренеді.Ал әлеуметтік-эмоциялық даму арқылы ол адамдармен тіл табысуды, өз сезімін түсінуді және білдіруді меңгереді.
Ерте жаста ойынның орны ерекше.Ойын-баланың негізгі іс-әрекеті.Бала ойын арқылы әлемді танып,қиялын дамытады,басқа балалармен араласуды үйренеді.Рөлдік ойындар оның шығармашылығын арттырып,өзіне деген сенімін күшейтеді.
Бұл кезеңде отбасының рөлі өте маңызды.Ата-ана-баланың алғашқы ұстазы.Ата-ананың әр-бір жылы сөзі балаға қуаныш сыйлайды.Үйдегі жылы атмосфера,ата-ананың мейірімі мен қолдауы баланың өзін қауіпсіз сезінуіне көмектеседі.Дұрыс күн тәртібі,пайдалы тамақтану және көңіл бөлу-баланың дені сау,бақытты болып өсуіне тікелей әсер етеді.
Қорытындылай келе,баланың ерте жастағы дамуына көңіл бөлу-оның болашағына жасалған ең үлкен қамқорлық.Осы кезеңде алған тәрбие мен тәжірбие баланың ақылды,дені сау,өзіне сенімді азамат болып қалыптасуына негіз болады.Сондықтан әрбір ата-ана баланың дамуына жауапкершілікпен қарап,оған қолайлы жағдай жасауға тиіс.
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі