Каракалла Рим империясын б.з. 211-217 жылдар аралығында билеген.
213 жылы Каракалла солтүстікке, неміс шекарасына алемандардың мәселесін шешуге аттанды.
Ол Галлиядағы Лугдунум деген жерде (қазіргі Францияның Лион аймағы) дүниеге келген. Кейінгі император Септимия Север мен Юлия Домнаның ұлдары.
Жеті жасында оның есімі Марк Аврелий Антонина Септимия Бассиан болып өзгерді. Бұл Марк Аврелийдің отбасымен байланысты нығайту үшін керек болған еді.
Каракалла жауынгерлер не жесе, соны жеп, олардың жалақыларын өсіріп, өзін барынша қарапайым ұстау арқылы олардың ризашылығына бөленді.
Ол Майн өзені жағасындағы шайқаста алемандар тайпасын жеңгенімен, оларды түбегейлі жеңе алмады.
Осыдан кейін екі жақты бейбіт келісімге келіп, сенат Каракаллаға "Германика Максимус" деген атақ берді.
Ол көптеген мүліктерін әскерге ысырап етті. Елді билеп тұрған тұста император ретінде Каракалланың жалақысы орташа легионерден 675 динарға дейін көтерілді.
Каракалла бар болғаны 29 жасында қайтыс болды.
Каракалланың күлі Римге жеткізіліп Адриан кесенесіне қойылған.
Каракалланың Римдегі термі (моншасы)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі