Қазіргі таңда әлеуметтік желілер жастардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлем бойынша ең көп қолданушысы бар платформа – Facebook, оның пайдаланушылар саны 3,07 миллиард адамға жеткен. Ал Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желі – Instagram, онда 12 миллионнан астам қазақстандық тіркелген. 2024 жылғы деректерге сәйкес, Instagram қолданушыларының 60%-ы 35 жасқа дейінгі жастар.
Қазақстанда интернеттің таралу деңгейі өте жоғары. 2023 жылы халықтың 90%-дан астамы интернетке қол жеткізген, ал әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатындар саны 14 миллион адамды немесе халықтың 72%-ынқұрайды. Интернет қолданушыларының жартысынан көбі – жастар. Жас ерекшелігі бойынша 16–24 жас аралығындағылардың 97,2%-ы, ал 25–34 жастағылардың 96,9%-ы әлеуметтік желілерді тұрақты қолданады. Бұл көрсеткіш жастардың онлайн кеңістіктегі белсенділігінің өте жоғары екенін көрсетеді.
Ғаламдық деңгейде әр секунд сайын 8 адам әлеуметтік желіге тіркеледі. Сонымен қатар, Google іздеу жүйесінде күніне 1 миллиардтан астам сұраныс жасалады. Қызықты деректердің бірі – әлеуметтік желілердегі ең жылдам өсіп келе жатқан қолданушылар сегменті 55–65 жастағы әйелдер.
Алайда әлеуметтік желілердің теріс әсері де жоқ емес. Жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желідегі жазбалар мен қысым салдарынан өмірмен қоштасады. АҚШ-та қиылған некелердің 10%-дан астамы әлеуметтік желілер арқылы басталған. Ал ата-аналардың 80%-ы баласының интернеттегі әрекетін бақылап отырмын десе, балалардың 31%-ы ата-анасы бұл туралы мүлде білмейді деп есептейді. Әлеуметтік желілер жастарға үлкен мүмкіндік берумен қатар, жауапкершілікті де талап етеді. Сондықтан оларды саналы әрі қауіпсіз пайдалану – бүгінгі қоғам үшін маңызды міндет.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Серік Гүлсана
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі