Өлең, жыр, ақындар

Сурет салудың психологиялық денсаулыққа әсері

    Қазіргі қоғамда стресс пен психологиялық шаршау жастар мен балалар арасында кең таралған. Осындай жағдайда шығармашылықпен айналысу, әсіресе сурет салу, психологиялық жағдайды жақсартудың тиімді тәсілі ретінде қарастырылады.

Ғылыми зерттеулерге сәйкес, сурет салу 18–25 жас аралығындағы жастардың стресс деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Тәжірибелер нәтижесінде 45 минут бойы сурет салған ересектердің 75%-ында стресс гормоны — кортизол деңгейі төмендегені анықталған. Сонымен қатар, өнермен байланысты әрекеттер адамның эмоционалдық жағдайын орта есеппен 20–25%-ға жақсартады.

Балалар арасында жүргізілген зерттеулер арт-терапиямен айналысудың мазасыздық деңгейін едәуір төмендететінін көрсетті. Ғылыми деректер бойынша, сурет салумен тұрақты айналысатын балалардың эмоционалдық дамуы өзгелерге қарағанда жоғары болады. Сурет салу — ғылыми тұрғыда дәлелденген пайдалы хобби. Ол жастардың стрессін 20–75% аралығында азайтып, балалардың эмоционалдық дамуына оң әсер етеді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Абзалқызы Шахназ 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз