Өлең, жыр, ақындар

Мысықтардың адам психологиясына әсері

Мысықтар – әлемдегі ең кең таралған үй жануарларының бірі. Әлем халқының шамамен 57%-ы үй жануарын асырайды, ал олардың 23%-ын мысықтар құрайды. Бұл мысықтардың адам өміріндегі маңызын көрсетеді. Зерттеулерге сәйкес, үй жануарлары бар адамдардың 86%-ы өз үй жануарларының психологиялық жағдайына оң әсер ететінін айтқан. 

Мысықпен қарым-қатынас стресс гормоны кортизолды төмендетіп, «бақытгормоны» окситоциннің бөлінуін арттырады, соның нәтижесінде адам өзін тыныш әрі жайлы сезінеді. Ғалымдар мысықпен 10 минуттай қарым-қатынас жасаудың өзі эмоционалдық күйді жақсартуға жеткілікті екенін анықтаған. Мысықтың сипауға жағымды жүні мен тыныш пырылы жүйке жүйесін тыныштандырады.Статистикаға сүйенсек, мысық асырайтын адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі шамамен 30%-ға төмен, ал кей зерттеулерде жүрек талмасынан қайтыс болу қаупі 37%-ға аз екені көрсетілген. Бұл мысықтардың физикалық денсаулыққа да оң әсер ететінін дәлелдейді.Мысық тыңпырылы 25–150 Гц жиілікте шығады, бұл диапазон адамның жүйке жүйесін тыныштандырып, қан қысымын төмендетуге көмектесуі мүмкін. Сонымен қатар, мысықтар жалғыздық сезімін азайтып, адамға эмоциялық қолдау береді.Мысықтар – тек үй жануары емес, адамның психологиялық тұрақтылығын сақтауға, стрессті азайтуға және жалпы өмір сапасын жақсартуға ықпалететін табиғи терапия көзі.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жүнісбай Алтын


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз