Қазіргі қоғамда әлеуметтік желі күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Зерттеулерге сәйкес, әлем халқының 63–65%-ы әлеуметтік желілерді тұрақты қолданады. Орташа есеппен әр адам күніне 2 сағаттан астамуақытын осы платформаларға жұмсайды.
Дұрыс қолданылған жағдайда әлеуметтік желі үлкен мүмкіндік береді. Ол адамдарға жедел байланыс орнатуға, ақпарат алуға, онлайн білім алып, тіпті табыс табуға жол ашады. Бүгінде көптеген жастар әлеуметтік желі арқылы оқу оқып, кәсіп бастауда.
Алайда оның кері әсері де аз емес. Мамандардың дерегінше, жасөспірімдердің 10–13%-ында әлеуметтік желіге тәуелділік белгілері байқалған. Сонымен қатар жастардың шамамен 50%-ы телефонсыз ұзақ уақыт отыра алмайтынын мойындайды. Бұл жағдай ұйқы режимінің бұзылуына, көңіл күйдің төмендеуіне және шынайы қарым-қатынастың азаюына әкеледі. Әлеуметтік желі — оны қолдану деңгейіне байланысты әрі мүмкіндік, әрі тәуелділік. Уақытты шектеп, мақсатты пайдаланған адам үшін ол — дамудың құралы, ал шамадан тыс қолдану тәуелділікке алып келеді.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жақияұлы Мағжан
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі