Өлең, жыр, ақындар

Футболдағы саясат: Сафонов пен Забарный ПСЖ-да сыйыса ала ма?

   Илья Забарный ПСЖ сапына қосылды. Париждік клуб оған және алдындағы клубқа қоса бонус пен өтемақыны есептегенде шамамен 63 млн еуро төледі. Алайда трансфер клуб ішінде түрлі пікірталастар мен әңгімелерге себеп болды. Қазіргі уақытта ПСЖ құрамында ресейлік қақпашы Матвей Сафонов пен украиналық қорғаушы Илья Забарный бірге ойнап жатыр. Бұл екі ойыншы соғыс жағдайында тұрған елдердің өкілі болғандықтан, олардың бір клубта өнер көрсетуі кейбір жанкүйерлер мен медиа тарапынан талқылауға түсуде.

БАҚ құралдарының хабарлауынша, клуб ішіндегі жағдайды реттеу үшін жаттықтырушылар мен басшылық ойыншылармен жеке әңгімелесулер өткізген. Бірақ нақты не туралы айтылғаны толық ашық талқыланбаған. Забарныйдың әлеуметтік желідегі белсенділігі және қос ойыншының өзара әрекеті туралы түрлі пікірлер бар, алайда ресми түрде ешқандай жанжалдасу расталмаған.

Забарный өзінің елін сүйетін футболшы ретінде белгілі. Ол соғыс жағдайына эмоционалды түрде әсер еткенін ашық айтқан. Өз пікірінде футбол ойнау мен отбасымен, елмен байланыста болудың маңыздылығын бөліскен. Бұл оның патриоттық сезімінің жоғары екенін көрсетеді.

ПСЖ-ға ауысу келісімдері маусым алдында басталғанымен, Сафонов туралы әңгімелер де сол уақытта талқыланғаны белгілі. Кейбір ақпараттарда Забарныйдың бір клубта ойнауға қарсы болуы мүмкін екені айтылған, бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталмаған. Клубтың Сафоновпен қоштасуы туралы да түрлі қауесеттер шығып, оған келесі маусымда негізгі құрамда ойнамайтыны туралы ұсыныстар түскені айтылды. Кейбір ақпараттарда клуб оны жалға беру немесе сату туралы ойлағаны туралы пікірлер болған. Осы кезеңде ПСЖ жаңа қақпашы — «Лилль» командасынан Люка Шевальені қосты. Ол командаға қосыла салысымен маңызды турнирлерде өнер көрсетіп, өз рөлін абыроймен атқарды.

Сафонов туралы соңғы ақпараттарға қарағанда, ол ПСЖ-да қалып, ұсынылған барлық мүмкіндіктерді қарастырған. Ол Парижде өзін жайлы сезінетінін және негізгі құрамда ойнауға құлшынысы барын айтқан. Жанкүйерлер мен кейбір медиа тарапынан Сафонов пен Забарный арасындағы кикілжің туралы түрлі әңгімелер тараса да, екеуі де ресми жаттығулар мен матчтарда кәсіби түрде жұмыс істеуде. Жаттығу кезінде немесе ойындарда айқын келіспеушілік байқалмайды. ПСЖ-ның соңғы маңызды матчтарында, соның ішінде маңызды трофейлерді жеңген кездесулерде де екі ойыншы командаға үлесін қосып жүр. Cыртқы пікірталастар мен талқылауларға қарамастан, Сафонов пен Забарный кәсіби ойыншылар ретінде команда ішінде сыйластық пен ынтымақтастық ұстануын жалғастыруда.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Бақи Азамат


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз