Өлең, жыр, ақындар

Ақыл мен білім тоғысқан әлем

   Мектеп жылдары – өміріміздің есте қалатын маңызды бөлігі. Қаласақ та, қаламасақ та, мектеп білімі – әр адамның өмірінде міндетті түрде болатын процесс. Басқа елдердің мектептерін көре отырып, өз мектебіңді бағалай бастауың немесе өзге мемлекеттегі оқу орнында оқуды армандауың мүмкін.

Әлемнің 43 елінде оқу жылы 1 қаңтардан басталса, 16 елде – наурыз айында басталады. Ал біздің елімізде және тағы 122 мемлекетте оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.

Ең қызықты мәліметтерге тоқталсақ:
Ең көне оқу орны – Марокконың Фес қаласындағы «Карауин» университеті. Ол 859 жылы құрылған.
Ең көп оқушы оқыған мектеп Үндістанда орналасқан, онда шамамен 28 мыңға жуық оқушы білім алған.
Ең ұзақ оқыған адам – Ұлыбритания тұрғыны Роберт Кронин. Ол 52 жыл оқып, 72 жасында оқуын аяқтаған.
Ең қымбат оқу орны – «Халықаралық бозбала мен бойжеткендер мектебі». Мұнда оқу ақысы айына 77,5 мың долларды құрайды.
Ең ұзақ сабақ 56 сағатқа созылған. Биология профессоры дәрісті үзбей оқыған. Бұл жағдай 2003 жылы Австралияда болған.
Ең ауқымды түлектер кездесуі Германияда өткен. Оған 2,5 мыңнан астам түлек қатысып, мектептің жүз жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада бас қосқан.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Серік Гүлсана​​


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз