Ақорданың AkordaPress парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы 12 қызықты дерек жарияланды.
1. Туғанда дене салмағы 5 келі болған
2. Есімін Құрандағы екі есімді біріктіріп, әжесі қойған
3. Бала кезінде ұшқыш болуды армандаған
4. 3 жыл орыс тілінде білім беретін сыныпта оқыған
5. Жас кезінде гармон сатып алу үшін ала жаздай кірпіш құйып, ақша тапқан
6. Мектептегі аттестатында бір ғана төрттік баға болған
7. Мектепті бітіргеннен кейін химик болуды жоспарлаған
8. Днепродзержинскіде оқып жүргенде күрестен Украинаның спорт шебері болған
9. 22 жасында алғаш рет шетелде - Финляндияда болған.
10. Ата-анасы Түріксіб құрылысына қатысқан
11. Әкесі балқар тілін жақсы меңгерген
12. Нағашы атасы молда болған
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
berik258
Елбасы жайлы 16 факт. Елбасының өмірінде орын алған қызықты фактілер: 1. Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орнының сынағынан өте алмай қалып, банкте 2 ай қарауыл болып қызмет істеген; 2. 1997 жылдан бері Персеус RA 3h 23v Osd 40* 43 нөмірлі жұлдызы елбасының атында; 3. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі әзірге 10-ақ адамға берілген алтыннан да қымбат бағаланатын ниобийден медаль таққан; 4. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш негізі бидің ұрпағы. Қазақ, орыс және балқар тілдерін жетік білген; 5. Анасы Әлжан қазіргі Қордай ауданы, Қасық ауылындағы молданың қызы болған; 6. Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына орай өмірінде алғаш рет Абай шыңына (4010 м) шықты; 7. Президент 1996 – 2005 жылдар аралығындағы ең ауыр сынағы – 9 жыл бойы көршілермен делимитация жұмысын жүргізіп, тыныш аяқтады; 8. Елбасы бала кезінен жеміс ағаштарын будандастыруды үйреніп, Алматының колхоз базарына алма-алмұрт әкеп сатқан; 9. Нұрсұлтан Назарбаев алғаш 5 жасында атқа мінген, 55 жасында тау шаңғысына тұрған; 10. Президентіміз 1995 жылы үлкен теннисті үйреніп бастады, ал 1996 жылдан бері гольф ойнайды; 11. Елбасының 12 атасы: Әбіш, Назарбай, Еділ, Кембаба, Мырзатай, Айдар, Көшек, Қарасай, Алтынай, Есқожа, Малды-Ыстық, Шапырашты; 12. Нұрсұлтан Назарбаевтың атасы би Назарбайдың 1880 жылдары су диірмені және оған тартылған 214 метрлік арығы болған; 13. Нұрсұлтан Назарбаев атында Иорданияда, Түркияда және Шешенстанда көшелер аталған; 14. Елбасы саяси мемуарлар оқуды ұнатады. Ш.Голль, М.Ататүрік, У.Черчилль өмірлерін түп-тұқиянына дейін зерттеген; 15. Тек 1991 мен 2006 жылдар аралығында президенттің өз атымен 12 кітабы жарыққа шыққан; 16. 1981 жылы Дінмұхаммед Қонаев өзінің мерейтойында Нұрсұлтан Назарбаевты «өзімнің балам» деп таныстырған.Асел
Ел басымыздың мамасы Əлжан апамыздың жалғыз ағасы болған Болеген деген. Ел басымыз дуниеге келгенде Əлжан апамыз менің ағама уқсайды деп айтқан екен. Қарасақ Əлжан апамыздың қайын жұртты жайлы ештеңе деректер жоқ. Қарап турсақ Əлжан апамыздың жалғыз ағасы жайлы ешқандай мəлімет жоқ.