BTS тобының дебюті 2013 жылы 13 мамырда «2 Cool 4 Skool» синглымен басталды және дәл сол күні олардың алғашқы «No More Dream» әні жарыққа шықты.
RM (Ким Намджун) – топтың басты рэпері мен көшбасшысы, өте білімді айдол ретінде танылған, көптеген хит әндердің авторы мен продюсері. Ағылшын тілін еркін меңгерген, сөз саптаулары жоғары деңгейде, оған дәлел БҰҰ-дағы (Біріккен Ұлттар Ұйымы) сөйлеген сөздері. RM тек көшбасшы емес, топтың ой-сана және рухани тірегі.
Jin (Ким Сокджин) – ресми түрде топтың «визуалы» болып танылған, саб-вокалист. Жасы жағынан топта ең үлкені. Жоғары ноталарды кәсіби түрде айта алғандықтан және дауысы таза болғандықтан оған “silver voice” дейтін атақ берілген. Сонымен қатар, ол топта ең көңілді, әзілі мен ерекше күлкісі арқылы барлығының көңілін көтере алады. Jin – Конкук университетінде “актерлік шеберлік және өнер” мамандығы бойынша оқу бітірген. Сондықтан оның сөйлеу дағдысы, харизмасы және сахналық экспрессиясы жоғары.
SUGA (Мин Юнги) – жетекші рэпер, BTS альбомдарын жасауға белсене қатысатын ең ықпалды топ мүшесі. Ол топта ең еңбекқор және оның рэп орындау шеберлігіне тәнті болмау мүмкін емес. SUGA білімі кең ауқымды, тіпті кейбір салаларда озық екені байқалады. Сырт көзге салқын болып көрінгенімен, шын мәнінде ол көңілі жайдарлы, жүрегі кең жан. Оның айтқан сөздері кейбір топ мүшелеріне жігер беріп рухтандырады.
J-Hope (Чон Хосок) – топтың басты бишісі, рэпері. Оның псевдонимі өзін толықтай ақтай алады: J-Hope BTS үшін үміт пен жарықтың символына айналған. Рэп орындауда шебер болғанымен, оның алғашқы махаббаты – хип-хоп биі. Топтың негізгі хореографиялық тірегі ретінде J-Hope сахналарда жиі алдыңғы қатарда болып, алғашында топтың басқа қатысушыларына бағыт-бағдар беріп, би қимылдарын түзетіп отырған. Оның рэптері ономатопеяға, ырғақ ауысуларына және күрделі рифмдерге бай, бұл оны BTS-тің ең танымал орындаушыларының біріне айналдырды.
Jimin (Пак Чимин) – жетекші биші және вокалист. Ол еңбекқорлығымен және жоғарғы амбициясымен ерекшеленетін орындаушы. Оның дауысы нәзік те әсерлі, ал сахнадағы харизмасы бірден баурап алады. Көбіне адамдарға Jimin бірден байқалады, бұл оның табиғи тартымдылығының нәтижесі. Топ мүшелерінің айтуынша, Jimin ВTS-тегі ең еңбекқор қатысушылардың бірі, ал жеткен жетістіктерінің барлығы табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі.
V (Ким Тэхен) – вокалист. Ол BTS-тің вокалдық линиясында ерекше тембрімен көзге түседі: терең әрі жанға жақын дауысымен тыңдармандарды баурайды. V тек вокалымен ғана емес, өзінің көркемдік көзқарасымен де ерекшеленеді, бұл сахнадағы визуалдық образдардың айқын болуына ықпал етеді. Ашық мінезді, жайдарлы және жанкүйерлеріне үнемі ризашылығын білдіріп отырады. Сонымен қатар, V актерлік қырынан да танылып, «Hwarang» дорамасына түскен.
Jungkook (Чон Чонгук) – макнэ, басты вокалист, биші әрі рэпер. BTS-тің ең жас мүшесі «алтын макнэ» деген лақап атқа ие, себебі ол барлық бағытта жоғары деңгейде өнер көрсетеді. Jungkook – мықты вокал иесі, кәсіби биші мен рэп орындаушы. Оның сахнадағы шеберлігі халықаралық деңгейде мойындалды: BillBoard басылымы 2018 жылғы Billboard Awards рәсіміндегі «FAKE LOVE» әні кезіндегі Jungkook-тың өнерін үздік сәттердің қатарына қосты.
Шағын агенттіктен әлемдік сахнаға дейін
BTS тобының жолы 2010 жылы Big Hit Entertainment компаниясында басталды. Сол кезде бұл агенттік K-Pop индустриясында басқа компаниялармен салыстырғанда әлсіз болды. BTS құрамына таңдалған мүшелер – RM, Jin, Suga, J-Hope, Jimin, V және Jungkook – бір-бірін қолдап, үнемі бірге жаттығып, музыкалық қабілеттерін шыңдады. Алғашқы жылдар BTS үшін қиын кезеңдердің бірі болды. Топ әлі Big Hit Entertainment агенттігінде тағылымдамадан өтіп жүрген кезеңде елеулі қаржылық қиындықтарға тап болды. Агенттіктің қаражаты шектеулі болғандықтан, дебютке жақын уақытта қатысушыларды толықтай жатақханамен қамтамасыз ету мүмкін болмады. SUGA кейінірек сұхбатында сол кезеңді еске алып, бұл жағдайдың топ үшін нағыз дағдарыс болғанын айтқан. Алайда агенттік BTS-ті таратып жіберудің орнына, қатысушыларды уақытша үйлеріне оралуды өтінген. Осындай ауыр кезеңде BTS мүшелері берілмеуді жөн көрді. Олар бір-бірін қолдап, үміттерін үзбеді. Дәл осы төзімділік пен сенім топтың болашақ жолын айқындаған басты факторлардың бірі болды.
Продюсерлердің бастапқы идеясымен BTS әндерінің мәтіндері жасөспірім мен жастарды толғандыратын мәселелерге арналуы тиіс еді. Әндерде қоғам тарапынан көрсетілетін қысым, болашаққа деген қорқыныш, үміт пен өзін іздеу тақырыптарды көтерілді. Бұл – K-Pop индустриясы үшін тың жаңалық болатын. Себебі дәстүрлі жүйеде айдолдарға дара болуға, ерекшеленуге, тіпті жеке өмірге ие болуға да шектеулер қойылатын. Ал олардың шығармашылығы әлеуметтік тақырыптар мен жеке сезімдерден аулақ болуы керек еді. Алайда BTS осы қалыптасқан қағидаларға қарсы шықты. Топтың алғашқы альбомындағы басты трек – «2 Cool 4 Skool» жинағындағы «No More Dream» әні жастық рухтың, еркіндікке ұмтылыстың символына айналды. Бұл шығарма жастар қоғамындағы дәстүрлі талаптарға, ата-ана мен әлеуметтік жүйенің қысымына қарсы үндеу болды. Осылайша BTS алғашқы қадамынан-ақ K-Pop шеңберінен шығып, жаңа бағыттың негізін қалады.
K-Pop-та көптеген топтардың ішінде көзге түсудің өзі күрделі болды. Алайда, дебюттік альбомын жарыққа шығармас бұрын-ақ BTS өздерін және болашақ музыкасын белсенді түрде таныта бастады. Топ мүшелері күнделікті жазбаларын, бейнежурналдардын және түрлік авторлық контентті тыңдармандарымен бөлісіп отырды. Осы арқылы олар аудиториямен тікелей байланыс орнатты.
Сондықтан BTS-тің ресми дебютіне дейін және дебют кезінде өз жанкүйерлерінің болуы таңқаларлық емес. Себебі топ сол кезеңнің өзінде адамдарға «өз тілінде» сөйлей білген. Әсіресе Big Hit Entertainment әлі шағын агенттік болып, BTS-ті ауқымды түрде жарнамалауға қаржылық мүмкіндігі шектеулі болған ескерсек, ерекше назар аударатын жайт. Дәл осы шынайылық пен ашықтық BTS-тің болашақтағы феноменге айналуына көмектесті
Осылайша, шағын агенттіктен, шектеулі ресурстардан бастаған BTS, өздерінің еңбекқорлығы, шынайы музыкалық тілдері мен жанкешті жанкүйер қауымдастығы арқасында бүкіл әлемге танылды.
BTS тобының әлемдік деңгейге шығуы
BTS тобы үшін ең бетұрысты кезең – 2017 жыл. Осы жылы олар BillBoard Music Awards (BBMAs) сахнасында “Top Social Artist” сыйлығын жеңіп алды, бұл өз кезегінде K-Pop тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. BTS бұл марапатты сол кезеңнің Ariana Grande, Justin Bieber сияқты үлкен жұлдыздарымен бәсекеде жеңіп алуы әлемдік музыкалық индустрияның назарын өзіне аудартты. Сонымен қатар, BTS Billboard 200 чартында алғашқы рет көрінуі. “DNA” Billboard 100 тізіміне енуі, оларды америкалық музыкалық нарыққа шығаратын маңызды қадамдардың бірі болды.
Әйгілі Love Yourself:Tear альбомы BillBoard 200 чартында бірінші орын алды. – Бұл K-Pop тарихында тұңғыш рет болды. Сондай-ақ BTS маңсабындағы ең маңызды бетбұрыстардың бірі – 2020 жылы жарық көрген «Dynamite» әні. Бұл трек халықаралық музыкалық чарттарды бірден жаулап алып, топтың әлемдік деңгейдегі танымалдылығын нығайта түсті. BTS осы жетістіктердің арқасында American Music Awards, BillBoard Music Awards секілді беделді марапаттарға ие болып, Grammy сыйлығына бірнеше рет номинацияланды. Бұрын мұндай жетістіктер K-Pop әртістері үшін қолжетімсіз болып саналған еді. Ән көпшіліктің көңілінен шығып, әлемдік аудиторияның жүрегінен орын алды. Сонымен қатар, «Dynamite» клипі алғашқы 24 сағат ішінде ең көп қаралым жинаған видеолардың біріне айналып, бүгінгі таңда қаралым саны 2 миллард 40 миллионнан асты. Осы зор табыстан кейін BTS әлемдегі ең беделді ұйымдар мен басылымдардың назарынан тыс қалмады. Атап айтқанда Forbes журналы «BTS әлемдік поп-жұлдыздардың соңғы шекарасынан өтті. “Dynamite” әнінің табысы — батыс тыңдармандарының “батыстық емес” әртістерге деген көзқарасының түбегейлі өзгергенінің айқын дәлелі», деп жазды Forbes.
ARMY-дің феномені: музыкадан тыс ықпал
ARMY – BTS тобының ресми фан-қоғамдастығының атауы. Бұл атау 2013 жылы тікелей топ пен олардың агенттігі тарапында таңдалып, «Adorable Representative M.C. for Youth» деген мағынаны білдіреді. Бұл қауымдастық тек ән тыңдап қолдамайды – олар топтың музыкасын әлемдік деңгейге шығаруда белсенді қолдау көрсетеді. ARMY әлеуметтік әлемде де белсенділік көрсетеді. Мысалы, 2017 жылы 1 қарашада BTS тобы Корея мен Жапониядағы ЮНИСЕФ комитеттерімен серіктестікте зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталған Love Myself халықаралық кампаниясына қолдау көрсетті. Кампания аясында олар #BTSLoveMyself хэштегі арқылы әлеуметтік желілерде өзін сүю мен қабылдауды бейнелейтін фотосуреттер мен жазбаларды жариялады. BTS пен оның фан-базасы маңызды әлеуметтік мәселеге әлемдік деңгейде назар аударды. Сонымен қатар, ARMY әлемнің 100-ден аса елінен келіп, тілдік және мәдени шекараларды бұза отырып, BTS-тің шығармасын өзара бөлісіп жатады.
BTS-тің бүгіні мен болашағы
2022 жылы топ мүшелері міндетті әскери қызмет атқарғандықтан ұзақ үзіліске шықты. Бірнеше жылдарға созылған үзілістерден соң топ 2026 жылдың 20 наурызында жаңа студиялық «Arirang» 14 тректі альбомын ресми түрде жарияламақ. Бұл жұмыстар тобының соңғы толық альбомынан бері бірінші толық релизі болады. Альбом шығарылған соң BTS дүниежүзілік тур жасайды. Тур 2026 жылдың 9 сәуірінен басталып, 2027 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады. Тур ішінде 34 қалада 79 жоспарланған, соның ішінде Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Австралия және т.б өңірлер бар.
- Махатма Ганди
- Белгісіз
- Белгісіз
- Белгісіз
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі