Өлең, жыр, ақындар

Қымбатшылық-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі таңда қоғамда ең көп айтылып жүрген мәселелердің бірі - қымбатшылық.Күнделікті тұтынатын азық-түлік,киім-кешек және коммуналдық қызметтердің бағасы жылдан жылға өсіп келеді.Бұл жағдай әр отбасының тұрмысына әсер етуде.

Бағаның өсуінің басты себебі- инфляция.Инфляция дегеніміз- ақша құнының төмендеуі.Яғни бұрын белгілі бір ақшаға көп зат сатып алуға болады.Соның салдарынан халықтың сатып алу мүмкіндігі азайып отыр.Қымбатшылық әсіресе оқушысы бар отбасыларға қиындық туғызады.Мектепке қажетті оқу құралдары,киімдер мен жол ақысы да қымбаттап жатыр.Кейбір ата-аналар үшін бұл үлкен мәселе болып отыр.

Мемлекет тарапынан халыққа көмек көрсету үшін түрлі шаралар жүргізілуде.Әлеуметтік көмек,жәрдемақы және білі саласына бөлінетін қолдау- соның бір дәлелі.Алайда,әр адам ақшаны үнемдеп жұмсап,қаржылық сауаттылықты үйренуі өте маңызды.

Қорытындылай келе,қымбатшылық- баршаға ортақ мәселе.Бұл жағдайды түсініп ақшаны дұрыс пайдалануды үйрену болашақта қиындықтардың алдын алуға көмектеседі.Экономиканы түсіну- әрбір оқушы үшін де маңызды.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз