Балықтар — негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы (суйытылған оттекпен) тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді.
Салауатты және дұрыс тамақтану азықтарынан бірі болған балықтың құрамында протеин, фосфор, кальций және йод сияқты элементтермен қоса, жеткілікті витамин қоры ерекшелігімен өте құнды азық түрі. Сондай-ақ көмірсутексіз азық болғандықтан қант диабеті ауруына шалдыққандарға диета жөнінен маңызды азық түрі болып табылады.
– Балықтар Жерде шамамен 450 миллион жыл бұрын болған. Олар динозаврлардан бұрын пайда болды.
– Ұшатын балықтың шамамен 40 түрі бар. Ондай ұшатын балықтар су астында қатты жылдамдықпен келе жатып, белсенді түрде құйрығын бұлғаңдатып жоғарыға қарай секіреді. Ұшатын балықтардың бүйіріндегі үлкен жүзбеқанаты су үстінде 400 метрге дейін ұшуына мүмкіндік береді. Олар бұл дағдыларын жыртқыштардан қашу үшін пайдаланады. Ұшатын балықтар негізінен, ұсақ шаянтектестермен және планктондармен қоректенеді.
– Кейбір балықтар артпен жүзеді.
– Тұтасқанаттар (скат) қорегін іздеу үшін теңіз түбіне дейін жортады. Мұндай кезде оларға арнайы электрлік датчигі көмектеседі. Ал балық жүзіп бара жатқанда, ол бұлшықет қозғалғаннан кейін әлсіз электрлік импульстар шығарады. Бұл құбылыстың арқасында тұтасқанаттар құмға жасырып жатқан балықтарды да ұстай алады.
– Қазіргі уақытта шамамен 25 000 балық жіктелді. Ғалымдардың есептеуінше, әлі 15000-ға жуық балық зерттелмеген. Балық түрлерінің әртүрлі таңғалдырады. Мысалы, сүтқоректілердің, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және қосмекенділердің барлық түрлерін бірге алсақ, олар сонда да балық түрлерінің санынан аз болады.
– Ең үлкен балық – кит акуласы. Оның ең үлкен өлшемі 20 метр және салмағы 34 тонна, сондай-ақ бұл алып балық крил мен планктондарды жеп, қоректенеді. Барлық акулалар сияқты, кит акуласының қаңқасы да шеміршектен тұрады.
– Балық суда қалай қимылсыз қалқиды? Балықтардың суда осылай қимылсыз қалқып тұруына желқабық көмектеседі. Балық ондағы ауа мөлшерін реттеп, нөлдік қалқымалылық тудырып, суда тұра алады. Бірақ, барлық балықта ауа көпіршігі (желқабық) болмайды. Мысалға, акулалар жүзуде болу үшін үнемі жүзіп жүруі керек немесе теңіз түбіне барып, демалып жатуына тура келеді.
– Кейбір балықтардың қаңқасы толығымен шеміршектен тұрады. Мысалы, акулалар.
– Балықтар адамдар, жануарлар мен құстар секілді ауырсынуды сезінеді.
– Қаңқасы сүйектен тұратын ең үлкен балық – ай балығы. Бұл жотасының биіктігі ұзындығынан асатын жалғыз балық. Бұл балықтың жоғарғы жүзбеқабатының ұшынан төменгі өлшемге дейінгі ұзындығы 4,26 метр, ал салмағы 2 тонна 235 келіге дейін барады. Ай балығының аналығы ең көп ұрық шығарады. Ол бір уақытта 300 миллион уылдырықша шығара алады.
– Әлемдегі ең жылдам балық – семсер-балық. Ол сағатына 130 шақырымға дейін жүзе алады және сағатына 140 км-ге дейін қозғалған деген де мәліметтер бар. Бірақ, балықтың құрылымын және жүзу жылдамдығын зерттеген ғалымдар семсер-балық мұндай жылдамдықты дамыта алмайды деген тұжырымға келді. Егер оның құрылысын ескеретін болсақ, онда мұндай жылдамдық үшін балықта 1700-2000 жылқының күші болу керек. Яғни, ол аса қатты жылдамдықпен жүзе алады дегені қайшы пікір. Заңнамаға сәйкес, ол осыншалықты тез жүзе алмайды, бірақ сондай жылдамдықпен жүзіп жүр.
– Ешқашан жарық көрмеген қорқынышты балықтар терең теңіз түбінде жүреді. Ең таңғаларлық үлгілер әлемдегі мұхиттардың ең терең нүктесі – Мариан шұңғымасында, 6500 метр тереңдікте тіршілік ететін теңіз балықтары.
Назар аудар:
Біріккен жақ сүйектілер отрядына жататын ең ірі балық
Сергектік үшін балық тұтыныңыздар
Көп май мөлшерінде қуырылған балық тағамдары
Амазонканың қауіпті тіршілік иелері
Жануарлар туралы қызықты деректер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Болат
Балық туралы қызықты мәліметтер екен