Өлең, жыр, ақындар

Қорқыныштың көлеңкесі: фобиялар әлемі

    Әлемде адам санасына әсер ететін түрлі фобиялар бар. Ғалымдардың мәліметінше, фобиялардың саны шамамен 100 000-ға жуық, ал олардың тең жартысы көпшілікке беймәлім. Кейбір фобиялар сирек кездескенімен, адам өміріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Мысалы, азиофобия — азиялық заттардан немесе мәдени элементтерден қорқу. Бұл фобиядан әлем бойынша шамамен 3 000-ға жуық адам зардап шегеді.

Ал аквафобия — судан қорқу. Бұл фобия да кең таралғандардың бірі болып саналады.

                                                                               

Фобиялардың негізгі түрлері

Фобиялар негізінен үш топқа бөлінеді:

1. Арнайы фобиялар

Белгілі бір заттан немесе жағдайдан қорқу.

Мысалы:

  • өрмекшіден қорқу;

  • ұшақтан қорқу;

  • биіктіктен қорқу;

  • иттен қорқу.

2. Әлеуметтік фобия

Адамдардың арасында, қоғам ішінде ұятқа қалудан, сыналудан немесе бағаланудан қатты қорқу.

Мысалы:

  • көпшілік алдында сөйлеуден қорқу;

  • бейтаныс адамдармен сөйлесуден қашу;

  • жұрттың назарында болудан қорқу;

  • қателесіп қаламын деген үрей.

3. Агорафобия

Ашық кеңістіктен немесе қашып шығу қиын жерлерден қорқу.

Мысалы:

  • автобусқа мінуден;

  • базарға, үлкен алаңдарға барудан;

  • адамдар көп жиналған орындардан;

  • жалғыз өзі сыртқа шығудан қорқу.

Фобия ғылыми тұрғыда

Ғылыми тілде фобия — уайым мен қорқынышқа байланысты психологиялық бұзылыс. Алайда нақты бір объектіге немесе жағдайға бағытталған қорқынышты нақты фобия деп атайды. Бұл — белгілі бір нәрседен шектен тыс, бақылауға көнбейтін үрей сезімі.

Фобия ұғымы адамзат тарихында ертеден белгілі:

  1. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.з.д. IV ғасыр) қорқыныш пен үрейдің адам психикасына әсерін сипаттаған.

  2. “Phobia” термині ғылыми әдебиетте алғаш рет 1801 жылы қолданылған.

  3. ХХ ғасырдан бастап психология мен психиатрия саласында фобиялар жан-жақты зерттеліп, нақты жіктелді.

Фобия — жай ғана қорқу емес, адамның өмір сапасына әсер ететін маңызды психологиялық құбылыс. Оны түсіну, қабылдау және қажет болған жағдайда маман көмегіне жүгіну — психикалық денсаулықты сақтаудың маңызды бөлігі.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Қалмұрат  Нұрсұлтан 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз