2026 жылғы 21 қаңтарда «Сыр – Алаштың анасы» атанған Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай өтті. Жиында елдің өзекті мәселелері, мемлекеттің даму бағыты мен алдағы кезеңдегі жаңа бастамалар талқыланды. Құрылтай ұлттық бірлікті нығайтып, қоғамдағы маңызды түйткілдерге ортақ көзқарас қалыптастыруды мақсат етті.
Құрылтай барысында Шымкент қаласында 2026 жылғы 11 қаңтарда түнде орын алған қайғылы оқиға — Нұрай есімді қыздың қаза болуы мәселесі де көтерілді. Осы жағдайға байланысты Шымкент қалалық полиция басқармасының бастығы Нұрлан Алмасбеков пен оның орынбасары қаланы тиісті деңгейде бақылауда ұстай алмағаны үшін Мемлекет басшысынан қатаң сөгіс алып, қызметтерінен босатылды.
Сонымен қатар Құрылтайда Мемлекет басшысы ел басқару жүйесіне жаңа лауазым — Вице-президент қызметін енгізу туралы ұсыныс айтты. Президенттің пікірінше, бұл лауазым Қазақстан Республикасының одан әрі дамуына, басқару тиімділігін арттыруға және ұлттық бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосады.
Ұлттық құрылтай ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың пікірін тоғыстыратын, қоғам мен билік арасындағы диалогты күшейтетін маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Абдихай Жанболат
- Илон Маск
- Фирдауси
- Әл-Жахиз
- Марк Аврелий
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі