Өлең, жыр, ақындар

Әлем аренасындағы түркиялық кин

     Түркия елі - сан жылдарға созылған тарихтың,әсем табиғаттың, мәдени құндылық пен дәмі тіл үйірерлік керемет тағамдардың елі. Түрік дегенде әр адамның ойына — кеңінен танылған “маклюбе” тағамы,қып-қызыл туы, әсем жерлері, естен кетпес кинолары еске түсетіні анық.Соның ішінде түрік кинолары қазақ үшін таңсық емес.Ұлты мен мәдениеті тарихы ұқсас болғасын, екі ұлттың киноөндіріс саласында да байланысы мығым. Жалпы қазақ елі үшін танымал түрік қиносы қандай? Көрерменнің жүрегіне жол тауып,әлемдік аренаны бағындырған кинолардың бірі - “Қара жүрек”(“Черная любовь”) киносы. Бүл түрік сериалы 2015 жылы 14 қазан күні шығып, әлі де болсын танымалдылығын жоғалтпай, түрлі ел арасында көрерменнің көзайымына айналып жүр. Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы достық байланыс мығым болғасын, бұл кино “31 канал” телеканалында 2017жылдың 17 ақпанынан бастап көрсетіліп, 2017жылдың 20 қарашасында “ Жылдың үздік теленовелла” премиясын алған.Махаббат пен өшпенділік, сүйгенін ұмыта алмау, соның ішінде кино актерлері Кемаль (Бурак Озчивит)мен Нихан (Неслихан Атагюль) арасындағы ерекше байланыс махаббат символының нағыз көрінісін көрсетті.Жағымсыз кейіпкердің рөлін сомдаған Эмир Каан Урганджиоглу) көрермен үшін жеккөрінішті көрінсе де, актерлық шеберлігінің шексіз мықты екендігін дәлелдегендей. Қазіргі таңда көрермендердің арасында “Шын өмірде бірге болғанда ғой…” “2 бөлімі қашан шығады?” деген сынды пікірлер көптеп кездеседі. Ал сіз бұл түркиялық киноны көрдіңіз бе?

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Ғарифолла Аяжан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз