Қаржылық сауаттылық дегеніміз-табысты дұрыс жоспарлау,шығынды бақылау,жинақ жасай білу және қаржылық шешімдерді саналы түрде қабылдау.Көп адамдар ақша табуды басты мақсат деп санайды.Алайда табыстың көп болуы әрдайым қаржылық тұрақтылықты білдірмейді.Егер адам ақшасын дұрыс жұмсай алмаса,қанша табыс тапса да,қаржылық қиындықтарға тап болуы мүмкін.Ең алдымен,қаржылық сауаттылықтың негізгі қадамы -бюджет құру.Адам ай сайынғы табысы мен шығынын нақты жоспарлауы керек.Бұл артық шығындарды азайтуға және ақшаны тиімді жұмсауға көмектеседі. Сонымен қатар,қаржылық тұрақтылық үшін міндетті түрде жинақ жасау қажет.Мамандар табыстың кемінде 10 пайызын сақтап отыруды ұсынады.Жинақ күтпеген жағдайларда үлкен көмек береді.
Қазіргі жастар арасында қаржылық сауаттылықтың маңызы ерекше. Себебі жастар ерте жастан ақшаны дұрыс басқаруды үйренсе, болашақта қаржылық тәуелсіздікке оңай қол жеткізе алады.Ақшаны тек ойын-сауыққа немесе қажетсіз заттарға жұмсамай,оны білім алуға, өзін дамытуға немесе болашақ жоспарларға бағыттау-дұрыс шешім.Қаржылық сауатылық сонымен қатар адамның жауапкершілігін арттырады.Ақшаны басқаруды үйренген адам өз болашағын жоспарлай алады,қарызға тәуелді болмайды және өмірлік мақсаттарына сенімді қадам жасайды.Бұл дағды адамға тек материалдық емес, психологиялық тұрақтылық та береді.
Қорытындылай келе,қаржылық сауаттылық табысты әрі тұрақты өмір сүрудің негізі. Әр адам қаржысын дұрыс басқаруды үйренсе,өз болашағын сенімді түрде қалыптастыра алады.Менің ойымша,қаржылық білімді мектеп қабырғасынан бастап үйрету қажет, себебі ол жастардың өмірде дұрыс бағыт таңдауына көмектеседі.
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі