Өлең, жыр, ақындар

Этно стиль

Этно стиль-ұлттық болмыстың заманауи көрінісі, қоғамның орта ғасырлық мәдениетке еліктеуі. Бұл стиль арқылы түркі халықтары өзінің болмысын, дүниетанымын, салт-дәстүрін эстетикалық тұрғыда жеткізеді. 21 ғасырда этно стиль тек киімде ғана емес, әшекей бұйымдар да, тіпті музыка мен өнер саласында да кеңінен қолданылады. Қазақ этно стилі көшпелі өмір салтымен тығыз байланысып, тарихи мұраға негізделген. Атап айтқанда, камзол, шапан, кимешек, сәукеле, тақия секілді ұлттық киімдер бүгінгі таңда жаңа үлгіде тігіліп, қоғам арасында үлкен сұранысқа ие. Мысалы, әр ою-өрнектердің өзіндік болмысы бар. Соның ішінде “қошқар мүйіз”өрнегі молшылық білдірсе, “ түйе табан” береке мен төзімділікті дәріптейді. Бүгінде дизайнерлер ою-өрнектерді заманауи көйлек, пиджак, сөмке, әшекейлерге енгізуде. Қоғамның ойынша этно стильдің маңызы зор. Себебі ол ұлттық құндылықтарды сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ жастардың өз мәдениетіне деген қызығушылығын арттырады. Қазақстан өз этно стилін дамыту арқылы әлемдік аренаға танылып отыр. Этно стиль - ұлттық болмысты сақтай отырып, заман талабына сай жаңарып келе жатқанын байқай аламыз. Сондықтан оны дамыту – мәдениетімізді сақтау мен дәріптеудің бір жолы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз