
Өмірде әрбір адам күйзеліске түсіп, қиындыққа тап болады. Мұндай сәттерде өзімізді жоғалтып алмау басты міндетіміз.
Мұнаюдың алдын алу жолдары:
1. Кітап оқу
Күйзеліске түсіп, қоғамнан алшақтай бастағанымда кітап маған күш беріп, қиындықтан алып шығатын бірден-бір күш. Әсіресе өз ісін тереңірек зерттеген психологтердің еңбегін оқығанда, осы кітапты оқуға көз бергені үшін шүкіршілік айтамын.
2. Подкаст тыңдау
Кітап оқу кей адамдарға іш пыстырарлық дүние. Бірақ бұл кедергіден шығудың тағы бір жолы бар арнайы видеолар көру арқылы, сұрағыңызға жауап табу. Подкаст - өмірден сабақ алған, көп оқыған адамдардың ойы. Сізде сол ойларды тыңдап, өз керегіңізге жаратарсыз деген ойдамын.
3. Отбасы
Негізінен қандай жағдай болмасын сені қолдайтын ата-анан, жанындағы бауырын. Бірақ бұл өмірде сіз секілді бәрінің өз проблемасы бар. Жақындарыңыз уайымдайтын күйге дейін жеткізбей, өзіңіз шешуге тырысыңыз.
4. Өз өзіңмен тілдесу
Адамның досы өзі. Ішкі жан дүниеңіз нені қалайды соны анықтап, медитация жасау арқылы, яғни өз өзіңмен тілдесу арқылы мәселені шешу.
Мен арнайы кітапты, подкастты ұсына алмаймын. Себебі әркімнің жүрегі әр нәрсені қалайды. Бірақ бір нәрсені біле жүріңіз бос уайымға салыну, өмірден баз кешу уақытыңызды құртпаса еш пайда әкелмейді. Керсінше өмірден ләззат алып, осы жазбаны өз көзіңізбен оқып отырғаныңызға, аяғыңызбен жерді басып жүргеніңізге, құлағыңызбен айналаңыздағы тіршіліктің барлығын естіп отырғаныңызға шүкіршілік етіңіз. Себебі өмірде осылардан артығы жоқ.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі