Атақты боксшы Мұхаммед Әли 1942 жылы АҚШ-тың Кентукки штатындағы Луисвилл қаласында дүниеге келген. Шын есімі Кассиюс Марсселус Клэй. Ол 1960 жылы Рим Олимпиадасында жеңіл салмақта алтын медаль жеңіп алды. 1964 жылы 22 жасында ауыр салмақтағы әлем чемпионы атанды. АҚШ үкіметі Әлиді мансабының шарықтау кезінде әскерге шақырғанда “АҚШ-тан алыс жатқан бізге тиіспеген Вьетнамға қарсы соғысқа бармаймын, армиядан бас тартамын” деп мәлімдеген. Осыдан АҚШ үкіметі оны барлық атақ даңқтарынан айырып үш жылдан астам уақытқа бокстан шеттетеді. Спортқа қайта оралғаннан кейін тарихшылар атап кеткен “бокстың алтын дәуірінің” барлық мықты боксшыларын жеңіп өзіне барлық атақ даңқтарын қайтарып алады. Жыл боксшысы атағына 5 рет ие болған бүгінге дейінгі жалғыз спортшы болып табылады. Бүкіл әлем мойындаған спорт иконына айналды.
Музыка әлеміндегі аты аңызға айналған тұлға Майкл Джозеф Джексон 1958 жылы 29 тамызда дүниеге келген. Ол “Jackson 5” тобының жетекші вокалисі болып, 11 жасынан халықаралық деңгейде танымал бола бастады. 1982 жылы шыққан “Thriller” альбомы тарихтағы ең көп сатылған музыкалық альбомға айналып, әлем бойынша 70 миллионнан астам данамен сатылды. Майкл Джексон 13 “Грэмми” сыйлығын жеңіп алды. Бала кезінен үздіксіз еңбек етіп, көптеген сын мен қиындықтарды бастан өткерсе де, ол поп-музыканың “королі” атанды.
АҚШ-тың 32-президенті Франклин Делано Рузвельт 1882 жылы дүниеге келген. 1921 жылы ол полиомиелит ауруына шалдығып, екі аяғы сал болып қалды. Соған қарамастан, ол саясаттағы қызметін тоқтатпады. 1933 жылы АҚШ президенті болып сайланып, елді Ұлы депрессия дағдарысынан шығаруға үлкен үлес қосты. Ол төрт рет президент болып сайланған жалғыз америкалық президент болып тарихта қалды.
Оңтүстік Африка елінің азаттығы үшін күрескен ұлы тұлға Нельсон Холилала Мандела 1918 жылы дүниеге келген. Ол апартеид деп аталатын нәсілдік кемсітушілік жүйесіне қарсы күрескені үшін 1964 жылы өмір бойы түрме жазасына кесілді. Мандела 27 жылын түрмеде өткізді. 1990 жылы бостандыққа шыққаннан кейін елдегі бейбіт өзгерістерге үлес қосып, 1994 жылы Оңтүстік Африканың тұңғыш қара нәсілді президенті болды. 1993 жылы ол Нобель бейбітшілік сыйлығын алды.
Технология әлеміндегі жаңашыл кәсіпкер Стив Джобс 1955 жылы дүниеге келген. Шын есімі Абдул Латиф Джандали. 1976 жылы Стив Джобс досы Стив Вознякпен бірге Apple компаниясын құрды. Бірақ 1985 жылы өзі құрған компаниядан кетуге мәжбүр болды. Кейін ол NeXT және Pixar компанияларын дамытты. 1997 жылы Apple-ге қайта оралып, iMac, iPаd, iPhone сияқты жаңалықтарды енгізіп, компанияны әлемдегі ең табысты технологиялық компаниялардың біріне айналдырды.
Қанатты сөздері:
Мұхаммед Әли - Чемпион жаттығу залдарында пайда болмайды. Адамның ішіндегі құлшыныс, арман, мақсат чемпионды тудырады.
Майкл Джексон - Егер сен өзіңе сенімсіз болсаң, онда саған кім сенеді?
Франклин Рузвельт - Бақыт - тек ақшаға иелік ету емес, оның мәні қуанышта, жетістікке жетуде.
Нельсон Мандела - Бәрі бітпейінше, мүмкін емес болып көрінеді.
Стив Джобс - Өз жұмысыңды жақсарту үшін ең бастысы оны жақсы көру. Егер сүймесеңіз,асықпаңыз. Сүйікті жұмысыңызды өз жүрегіңіз көрсетеді.
Өмір жақсылық пен қатар қиындықтардан да тұрады. Осы жолда бір орында тоқтап қалмай, алға қарай жылжу әр адамның міндеті.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі