Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Сәтсіздік – табысқа апарар баспалдақ.

Сәтсіздік — табысқа апарар баспалдақ

Адам өмірінде өзгерістер жиі орын алады. Бұл өзгерістер көбіне сәттілік пен сәтсіздікке байланысты. Екі ұғым да адамның тағдырын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сәттілік туындаған сәтте — қуанып, мақтанамыз, ал сәтсіздікке ұшырасақ — мұңайып, кейде тіпті үмітімізді үземіз.

Алайда сәтсіздік — тығырық емес, мүмкіндік. Ол бізді көбірек еңбектенуге, бар ынтамызды салып жұмыс істеуге итермелейді. Атақты Кристиан Боуви айтқандай: “Өзіне сенбеу – біздің көптеген сәтсіздіктеріміздің себебі.”Өзіне сеніп, тек сәттілікке жол тартқан адам әрқашан тығырықтан шыға алады.

Өз басым, өмірде сәтсіздіктерге жиі ұшыраймын. Бірақ әр кезде қателерден сабақ алып, жұмысымды жалғастыруға тырысамын. Себебі бұл — менің болашағым үшін, табысымды кеңейтетін маңызды қадам. Сүрінген сайын өмірден көп тәжірибе жинаймыз. Қазір сол тәжірибенің жемісін көруге талпынып жүрмін.

Мақсатымызға жету үшін сәтсіздікпен жұмыс істей білуіміз керек. Қорқынышты жеңе отырып, табысқа жетелей түсейік. Сонда ғана сәтсіздіктеріміз сәттілікке айналарына күмән жоқ.

“Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келе” – тек өзіңе сен және сәтсіздіктен еш қорықпа! Сенің қолыңнан бәрі келеді! Қателік жіберіп қойдым деп күйзеліске түспе, тек алға қойған мақсатыңа жетуге талпын! Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзі – жастарға бағытталған мәңгілік үндеу. Бұл – өмірден өз орныңды табуға, мақсатпен өмір сүруге шақырту деп есепте.

 


WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Аружан

🔥🔥🔥🔥

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар