Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның ең ірі және беделді жоғары оқу орны, онда 16 факультетте 100-ден астам мамандық бойынша бакалавриат, магистратура және докторантурада білім алуға болады. Оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі, үздіксіз білім беру жүйесі студенттерге толыққанды дайындық береді.Сабақтар интерактивті форматта өтеді: дәрістермен қатар семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар мен жобалық тапсырмалар ұйымдастырылады. Бұл студенттердің тек білім алып қана қоймай, креативті ойлау, зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Университет 1934 жылы ашылған және зерттеу университеті мәртебесіне ие, ХХІ ғасыр талаптарына сай бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. Ол ғылыми-білім беру әлеуеті жоғары орталық ретінде Қазақстан жоғары білімінің стандарты болып табылады, мемлекеттік аттестациядан алғашқы өткен оқу орны. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы ең ірі әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі. Университет өзінің көпжылдық тарихы, сапалы білім беру бағдарламалары және халықаралық байланыстары арқылы студенттерге жан-жақты дамудың кең мүмкіндіктерін ұсынады. ҚазҰУ тек ұлттық деңгейде ғана емес, әлемдік білім кеңістігінде де танылған университеттердің қатарында.ҚазҰУ-дың басты ерекшелігі – теория мен практиканы тиімді үйлестіретін заманауи білім беру жүйесі. Университетте түрлі факультеттер мен мамандықтар бойынша жоғары білікті профессорлар сабақ береді. Оқу үдерісінде заманауи зертханалар, электрондық ресурстар, ғылыми кітапханалар және цифрлық платформалар кеңінен қолданылады.ҚазҰУ сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарына бай. Студенттер ғылыми жобаларға қатысып, олимпиадалар мен конференцияларда өз жұмыстарын қорғап, тәжірибе жинақтай алады.Мен үшін берілген үлкен мүмкіндіктердің бірі ҚазҰУ студенттері мен түлектері «Болашақ» бағдарламасы арқылы мемлекет қаржыландыруымен шетелдің дамыған елдерінде магистратура, докторантурадан өте алатындығы . Нидерланд, Жапония, Венгрия, АҚШ, Ұлыбритания , Италия секілді шет елдерде тегін білім, оқу ақысы, тұру және сақтандыруды қамтылған , оқуға түсу үшін тіл сертификаты мен емтихан талап етіледі. Университеттің халықаралық серіктестіктері арқылы Еуропа, Азия және Америка университеттерінде алмасу бағдарламалары ұйымдастырылған . Университетіміздің осындай бізге беріп отырған мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр студент өзінің болашақтағы үлкен жетістіктеріне алғашқы қадам жасайтындығына сенімдімін .
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1 курс студенті - Даниярқызы Алуа
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты У. М. Джолдыбаева
- Нарша Булгакбаев
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі