Смартфон – дос па, әлде жау ма? - Жақсылық Аруна

       Қазіргі заманда смартфон адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде адамдар күнінің көп бөлігін осы құрылғымен өткізеді. Ол бізге үлкен мүмкіндік бергенімен, зияны да қатар жүреді.

Смартфонның пайдасы айқын:

1.Білім алуға мүмкіндік береді – онлайн сабақтар, түрлі платформалар арқылы кез келген ақпаратты оңай табуға болады.

2.Байланыс құралы – адамдармен тез хабарласып, ақпарат алмасуға көмектеседі.

3.Күнделікті өмірді жеңілдетеді – төлем жасау, карта қарау, жоспар құру сияқты қызметтерді атқарады.

Сонымен қатар, оның зиянды тұстары да бар:

1.Тәуелділік тудырады – адам уақытын бақылаусыз өткізіп алады.

2.Денсаулыққа зиян – көздің көруі нашарлап, ұйқы режимі бұзылады.

3.Зейінді төмендетеді – оқу мен жұмысқа көңіл бөлу қиындайды.

Смартфон – оны қалай қолданатынымызға байланысты. Дұрыс пайдалансаң – дос, ал шектен тыс қолдансаң – жау.

“Journivers” білім беру орталығының оқушысы: Жақсылық Аруна Сейдеханқызы


WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Модератор

Суретті дұрыс қосу керек немесе мүлдем қоспау керек.

Пікір қалдырыңыз