Қош бол қош бол бала кезім,
Бүгін сеніменен қоштастым.
Енді мені күтеді,
Үлкен өмір жолдары.
Түсінбеппін ақылын,
Үлкендердің бергенін.
Енді менде қызыға қараймын,
Жас өмірдің өскенін.
Уайымсыз өткен бала күн,
Көрсетпепті жаман жол.
Азыр салып ойнаған,
Кіршіксіз таза көңілім.
Әттеген ай қарашы,
Сеніп өстім жалғанға.
Үйретпепті бала күн,
Жаман адам барын да.
Сеніппін ау мен тегі,
Аяз ата барына.
Қазір міне ойланам,
Бала көңіл пәк көңіл.
Сағынышпен қараймын,
Шынайы күлкі бар кезді.
Модератор
Өлеңдер бөліміне енгізу керек еді.