Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері олимпиадада I орын иеленді

Басты бет / Ғылым және техника / Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері олимпиадада I орын иеленді

XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада: «Цифрлық дәуірдегі кітапхана: білім, инновация, болашақ»

 

2026 жылғы 23 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 6B03210 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Іс-шараның Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күнімен тұспа-тұс келуі оның әлеуметтік-мәдени маңызын арттырды. Олимпиадаға еліміздің осы бағытта мамандар даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарынан жеті команда қатысты.

Олимпиада білім, зерттеу және шығармашылық қабілеттерді ұштастыратын кәсіби алаң ретінде ұйымдастырылды. Қатысушылар теориялық дайындықтарын көрсетумен қатар, практикалық кезеңде заманауи кітапхана қызметтерін трансформациялауға бағытталған жобаларды ұсынды. Байқау үш кезеңнен тұрды: таныстыру, теориялық және практикалық (жобаларды қорғау). Әр кезеңде білім алушылардың кәсіби құзыреттері кешенді түрде бағаланды.

Байқау нәтижесінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті, дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының 6В03205 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының студенттері, «Білім шамшырақтары» командасы I орын иеленіп, «Үздік команда» номинациясымен марапатталды. Жетекшісі: Туенбаева Калима Толеубаевна, пед.ғ.к, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы.



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)