Неге мектеп оқушылары арасында шет ел жоғары оқу орындарына түсу қаптап кетті?

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы / Неге мектеп оқушылары арасында шет ел жоғары оқу орындарына түсу қаптап кетті?

Егерде 11-сынып бітірушілерден қайда оқуға түскілері келетінін сұрасыңыз, көбісі Малайзия, Қытай және АҚШ сынды елдерді ауыздарынан түсірмейді. Өзіміздің елдің оқу орындары не үшін жақпайды деп айтып жататын үлкен кісілер де жетерлік. ЮНЕСКО 2022-інші жылғы мәліметтері бойынша халық саны мен шетелде білім алатын азамарттардың қатынасын қарастырса Қазақстанның топ-3 елдер қатарына кіретінін көре аламыз. Әр 250-інші қазақ шетелде білім алады.

Ал ендеше, не үшін біздің жастарымыздың бұндай қадамға баратынының үш негізгі себебін талқылап көрейік. 

Бірінші себебі жақсы оқу сапасы. Қазақстандағы білім сапасы жақсы бола тұрғанмен де, әлемнің сан-қилы университеттері әртүрлі мамандықтар мен жұмыс және зеріттеу мүмкіндіктерін ұсынады. 

Екіншіден, жаңа ел мен жер көру мақсаттары. Жаңа жердегі дәстүрлік ерекшеліктер мен адамдарға қызығушылық танытатындар да баршылық. 

Үшінші себеп, ол елден ұзаққа алыстауға деген қалау. 18 жылдай өз елі мен отбасынан жыраққа шығып көрмеген адам бір ерекше бостандық сезіміне ие болады. 

Негізінен, кез-келген түлек үшін өзінің қалаған жерінен білім алу өте маңызды. Сондықтан да, ата-анаға да өз баласын осы жолда қолдау өте маңызды.



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)