Сандар туралы тақпақтар

Басты бет / Оқушыларға пайдалы / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Сандар туралы тақпақтар

2 саны
Екі, екі, екі деп
Санаймыз біз керемет.
Аяқ та екеу, қол да екеу,
Көз жанарың ол да екеу.
Бірден кейін тұрады,
Екі сызық құрады
Бірге бірді қосқанда
Екі саны шығады.


3 саны
Үш, үш, үш,
Бойға жинап күш!
Мұқият егер қарасаң,
Екіден кейін үш!
Екі алмаң бар қолыңда,
Досың берді бір алма.
Сонда қанша болады,
Қолыңдағы бар алма?

4 саны
Төрт қабырғаң қоршаулы,
Сыныбың да, үйің де.
Сен отырған орындық,
4 аяқ қой байқалық.
Көліктің бар 4 аяғы,
Аң-жануар қол аяғы.
Тіктөртбұрыш, шаршылар,
4 санынан тұрады.

5 саны
5 дегенің 5 саусақ,
Ретімен біз санасақ.
Үстіңдегі киімді,
5 сыммен тоқыр байқасақ.
5 алсаң егер сабақтан,
Қуанар сенің ата-анаң,
5 деген баға білімің,
Сондықтан қалма сабақтан.

6 саны
Шалқан деген ертегіні,
Білеміз ғой бәріміз.
Ал ондағы кейіпкерді
Санайық кел екеуміз.
Шал шығады алдымен,
Кемпір шығар екінші.
Әлі жетпей екеуі
Қыздарын енді шақырды.
Қызы келіп тартысты.
Шықпаған соң өзінің,
Үйдегі итін шақырды.
Ит келеді абалап,
Шалқанды тартып сабалап,
Болмаған соң мысыққа
«Тартыс» деп қойды бір талап.
Мысық та келді дірілдеп,
Шықпады шалған оған да,
Шақырды енді тышқанды,
Тартысты бәрі бірігіп.
Барлығы сонда құлады,
Барлығы сонда қуанды.
Қанша адам тартып шығарды,
Ап-ауыр үлкен шалқанды.

7 саны
Сақта мұны сен есте,
Сенің жасың 7-де.
Кемпірқосақ түсі де,
7 түрлі емес пе?
Аспанға қараймын,
Жұлдызды санаймын.
Ал енді жетіқарақшыны,
Мұқият бақылаймын.
Жұма күні анаң сенің,
Жеті шелпек пісірер.
Аптаның 7 күнінде,
Көңілді күн өткізем.



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)