Қазақстан жастары шетелде оқуды неге таңдайды?

Басты бет / Әңгіме мен мақала / Қазақстан жастары шетелде оқуды неге таңдайды?

Кейінгі уақытта жас буынның шетелге оқуға кетуі, көшуі жиіледі. Жыл сайын көптеген түлек шетелдік жоғары оқу орындарын таңдап, өз білімін басқа елде жалғастыруға ұмтылады. Менің ойымша, бұған бірнеше маңызды себеп бар.
Ең алдымен, жастар сапалы білім алғысы келеді. Білім сапасы, дипломның беделі, жаңашыл оқыту әдістері, болашақта жақсы жұмыс істеу. Әлеуметтік сауалнамалардың статистикасына сүйенетін болсақ, студенттердің шетелдік ЖОО-ларды таңдауы төмендегі факторларға байланысты:
•    Жоғары білім сапасы (45%)-ды құрауда: Оқу орындарының заманауи зертханалармен жабдықталуы.
•    Карьералық мүмкіндіктер (25%): Шетелде стажировкадан өту, жоғары жалақысы бар жұмысқа орналасу.
•    Білім беру бағдарламаларының әртүрлігі (15%): Қазақстанда сұранысы аз мамандықтарды таңдау, еңбек нарығындағы сұранысқа ие тар салаларда мамандандыру.
•    Тіл үйрену: Ағылшын немесе сол елдің тілін жетік меңгеру.
•    Гранттар мен жеңілдіктерге қолжетімділік: Шетелдік стипендиялар мен оқу ақысын ішінара жабатын мүмкіндіктердің көптігі.
Сонымен қатар, шетелде оқу адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер етеді. Студенттер жаңа ортаға бейімделуді,  өз бетінше дұрыс шешім қабылдауды және жеке басына жауапкершілік алуды үйренеді. Менің ойымша, басқа елде білім алу адамның ой-өрісін кеңейтіп, жалпы өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Зерттеулер бойынша, тәжірибесі бар жастардың бейімделу, қарым-қатынас орнату және өзіндік қабілеттері жоғарырақ болады. 
Тағы бір маңызды себеп, шет тілдерін меңгеру мүмкіндігі. Қазіргі таңда ағылшын тілі немесе басқа да шет тілдерін білу көптеген мамандықтар үшін маңызды талаптардың біріне айналды. Яғни шетелде оқитын жастар тілді тек қана сабақта емес, күнделікті өмірде де қолдана алады. Соның арқасында олардың тілдік деңгейі дамиды. Әрине бұл болашақта да жақсы жұмыс табуға мүмкіндік береді. 
Көптеген жастар тек білім сапасына ғана емес, дипломның беделіне де мән береді. Тәжірибесі бар түлектер еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болып келеді. Бұл зерттеулер бойынша алынған мәлімет. Сондықтан жас буын өкілдері өздерінің кәсіби болашағын жақсарту мақсатында шетелдік университеттерді таңдауға тырысады. 
Алайда шетелде оқудың қиындықтарында ұмытпаған жөн. Ең бастысы-туған жерден, отбасы мен жақын адамдардан алыс болу. Сонымен қатар, тұрмыстық шығындар мен әртүрлі жағдайларға бейімделу мәселелері кездеседі. Дегенмен көптеген жастар бұл қиындықтарды болашақтағы жетістікке апаратын жол деп қабылдайды. 
Қорытындылай келе, жастар шетелде оқуды сапалы білім алу, түрлі тәжірибе жинақтау, шет тілдерін жетілдіру үшін таңдайды. Әрине қазақ жастарының білім алып өскені жақсы. Бірақ қай елде білім алса да, ең бастысы- алған білім мен тәжірибені елдің игілігіне жұмсап, қоғамның дамуына үлес қосу.



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)