Өрік өсуін тоқтатып, күн сәулесінің әсерінен қызара бастағанда-ақ ауылға адамдар ағыла бастайды. Тіпті көршілес елдерден келген азаматтарды да кездестіруге болады. Бұл жағдай өріктің ауылымыз үшін қаншалықты маңызды өнім екенін көрсетеді.
Бұл ауылымыздың экономикалық дамуына оң әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Экономикалық маңызымен қатар, өрікке байланысты түрлі мәдени шаралар да өткізіледі. Өрік фестивалінде өріктен дайындалған тағамдар ұсынылып, қызықты ойындар мен мәдени шаралар ұйымдастырылады. Мұндай жетістіктерге өңірде өрік шаруашылығының кең дамуы себеп болып отыр.
Тіпті Ұйғыр ауданы Қазақстандағы өрік өсірілетін ең ірі аймақтардың бірі саналады. Сол себепті мұнда өсірілетін өнімнің сапасы жоғары бағаланады. Ауылымызда өсірілетін өрік тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де жоғары сұранысқа ие. Оған экспорт көлемінің жылдан жылға артуы дәлел болады. Жыл сайын мыңдаған тонна өрік Түркияға, Ресейге, Өзбекстанға және Қырғызстанға экспортталады.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі