Әлеуметтік желілер адамды қалай басқарады?​​​

Басты бет / Ғылым және техника / Әлеуметтік желілер адамды қалай басқарады?​​​

Әлеуметтік желілер адамды қалай басқарады?​​​

​Адам өмірі – кез келген мемлекеттің негізгі капиталы. БҰҰ-ның ең алғашқы құндылығында адам өмірі мен бостандығынан асқан  ештеңке жоқ екенін айтады. Мемлекеттің ең басты құндылығы адам болса , адамның ең басты құндылығы – өз уақыты. Уақытын және күшін тиімді пайдалана білген адамдар жетістікке міндетті түрде жетеді. Бүгінгі адам өмірінің әр саласына енген әлеуметтік желілердің ықпалы тым көп. Біздің уақытымызбен қатар біздің назарымызды жаулап жеке таңдауымызға тікелей әсер етеді.

​            Әлеуметтік желілер – қолданушының  назарын қалайда ұстап қалуға тырысатын медиа қару. Ендеше қолданушы назары қалай торға түсетінін және оған қандай амал-айла қолданылатынын анықтайық. Ең әлсіз, қорғансыз нысан – бала . Балалар контентін жасаушы авторлар оны мейлінше түрлі түсті қылады, ал экрандағы суреттер 2 – 4 секунд сайын алмасуы керек, бұл назарды ұстаудың ұтымды тәсілі. Оны кез-келген әлеуметтік желідегі бейне роликтардан байқай аламыз. Кейіпкерлер көбіне сөйлей алмайды. Олардың ой жеткізуі ыммен жүзеге асады. Бұлай болуының себебі кез келген жастағы балаға қабылдауға оңай болуы. Мейлінше жеңіл контент – мейлінше көп қаралым. 2024 жылғы зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, экран алдында жиі отыратын балалардың тілінің кеш шығу қауіпі 2,6-2,7 есе өседі. Сонымен қатар бейнероликті көрсететін платформалар балалар контентіне мейлінше ұзақ жарнаманы қояды. Оны қою себебі де қарапайым, кей балалар оны өткізе алмайды.Жастар мен ересектердің назарын ұстау үшін сіздің деректеріңізді (meta,cookie) қолданады. Мәселен бәріміз қолданатын whatsapp желісінде өзімізге қажетті нәрсені танысымызға айтсақ, сәлден соң оны instagram немесе facebook-та жарнама ретінде көреміз. Оған себеп жоғарыда атап өткен Meta компаниясының деректерді жинауы. Қазіргі цифрлық қоғамда пайдаланушылардың жеке деректері тек жариялаған ақпаратпен ғана емес, олардың цифрлық ізі арқылы да жиналады. 2024 жылғы Web Almanac зерттеуіне сәйкес, әлемдегі танымал веб-сайттардағы cookie-лердің 61%-ын үшінші тарап сооkіe-лері құрайды. Олар пайдаланушылардың интернеттегі әрекеттерін бақылап, жарнаманы жекелендіру және мінез-құлық профилін құру үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, Еуропада жүргізілген зерттеулер көптеген веб-сайттардың пайдаланушылар cookie-ден бас тартқан жағдайда да деректерді жинауды жалғастыруы мүмкін екенін көрсетеді. Бүгінде адам назары – платформалар мен авторлардың таласатын ең құнды материалы.

​Қорытындылай келе, бүгін әлеуметтік желі бізді бақылау құралы. Адам ол әлеуметтік желіден ешқайда қаша алмайды, бірақ өзіне тиімді етіп қолдана алады. Біз ешқашан әлеуметтік желілерді жаман дей алмаймыз, себебі ол миллиондаған адамның кәсібі, болмысы, бейнесіне айналды бірақ жақсы мен жаманды айыра білу шарт. Абай атамыз айтпақшы,

“Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.”

 


Ұқсас тақырыптар

Әлеуметтік желі Қоғам адам

WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Әбдібек

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешовтың жемқор аты әлеуметтік желілерді жарып жатыр. Facebook-те, YouTub-те, ВКонтакте-де, Instagram-да, TikTok-та, Telegram-да, қысқасы, әлеуметтік желілердің бәрінде Ербол Тілешов жемқор атымен әбден танымал болды. Кім жемқор? - Ербол Тілешов жемқор, кім парақор? - Ербол Тілешов парақор. Оның пайдакүнемдік мақсатпен жасаған осы әрекеттері өзгелерге зиян келтіруде.

Әбдібек

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешовтың жемқор аты әлеуметтік желілерді жарып жатыр. Facebook-те, YouTub-те, ВКонтакте-де, Instagram-да, TikTok-та, Telegram-да, қысқасы, әлеуметтік желілердің бәрінде Ербол Тілешов жемқор атымен әбден танымал болды. Кім жемқор? - Ербол Тілешов жемқор, кім парақор? - Ербол Тілешов парақор. Оның пайдакүнемдік мақсатпен жасаған осы әрекеттері өзгелерге зиян келтіруде.