“ЖИ дәуіріндегі журналистиканың болашағы”
Басты бет
/
Әңгіме мен мақала
/
“ЖИ дәуіріндегі журналистиканың болашағы”
Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы қазіргі журналистика саласына
түбегейлі өзгерістер әкелуде. Ақпарат тарату жылдамдығы артқан сайын,
медианың да жаңа технологияларға бейімделуі маңызды мәселеге
айналды. Бүгінде жасанды интеллект тек көмекші құрал ғана емес,
журналистиканың ажырамас бөлігіне айналып келеді.Бірақ,қазіргі таңда
бірнеше кемшілік тұсын байқау үстіндеміз.
Халықаралық зерттеулерге сәйкес, 2026 жылы әлем журналистерінің 80
пайыздан астамы материал дайындауда жасанды интеллект құралдарын
қолданады.ЖИ үлкен көлемдегі деректерді санаулы секунд ішінде өңдеп,
жаңалық мәтіндерін дайындауға, фактчекинг жүргізуге және
аудиторияның қызығушылығын талдауға мүмкіндік береді. Бұл
журналистің уақытын үнемдеп, ақпараттың жедел таралуына ықпал етеді.
Алайда технологияның дамуы белгілі бір қауіптерді де тудырады.
Deepfake бейнелер мен жасанды контенттің көбеюі жалған ақпараттың
таралу қаупін арттырды. Мұндай жағдайда журналистің басты
міндеті-ақпараттың шынайылығын тексеру және қоғамға сенімді дерек
ұсыну.Дәл осы қасиет журналисттің қоғамдық ауытқулардан құтылуына
жол ашады.
Сондықтан AI журналистердің орнын баспайды, керісінше олардың
мүмкіндіктерін кеңейтеді. Болашақ журналист тек мәтін жазатын маман
емес, технологияны меңгерген, деректермен жұмыс істей алатын және
сыни ойлайтын кәсіби тұлға болуы тиіс. Демек, жасанды интеллект
дәуірінде журналистиканың басты құндылығы-адамдық жауапкершілік
пен шынайылық болып қала береді.Осы тұста,журналистиканың
болашағына салғырт қарамайтын,үстірт ойда болмайтын келешек ұрпақ
өсіп келе жатқандығына үлкен сеніммен қараймыз.Технологиялар
дәуірінде, құрылғыны ұтымды қолдану мен болашақ мәселесін
ұштастыруды ұмытпайық!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі