“Тарихи орындарды насихаттаудың жаңа тәсілдері”

Басты бет / Әңгіме мен мақала / “Тарихи орындарды насихаттаудың жаңа тәсілдері”

Тарихи орындар-халықтың өткені мен мәдени мұрасын ұрпақтан ұрпаққа

жеткізетін құнды қазына. Алайда қазіргі цифрлық дәуірде жастардың

назарын дәстүрлі экскурсиялармен ғана аудару қиын.Біріне бұл тақырып

төңірегі қызығушылық тудырмаса, енді бірінің мүлдем хабары жоқ.

Сондықтан тарихи орындарды насихаттаудың жаңа әрі заманауи

тәсілдерін енгізу уақыт талабы болып отыр.

Бүгінде әлемдік туризм индустриясында виртуалды турлар мен

толықтырылған шындық технологиялары кеңінен қолданылуда. Туристер

смартфон арқылы тарихи ескерткіштердің бұрынғы келбетін көріп,

олардың тарихымен интерактивті түрде таныса алады. Мысалы,

халықаралық зерттеулерге сәйкес, виртуалды турлар

пайдаланушылардың тарихи нысандарға қызығушылығын шамамен

30–40 пайызға арттырады.

Сонымен қатар әлеуметтік желілердің ықпалы зор. TikTok, Instagram және

YouTube платформаларындағы қысқа әрі мазмұнды видеолар тарихи

орындарды жастар арасында танымал ете алады. Әсіресе travel-блог

форматындағы контент көрерменге ақпаратты жеңіл қабылдауға

мүмкіндік береді. Қазіргі таңда туристердің 70 пайыздан астамы саяхат

бағытын әлеуметтік желілердегі контент негізінде таңдайды.Нәтижесінде,

ғаламның түкпір-түкпіріндегі адамдардың әрқайсысы, қолжетімде түрде

табиғаттың әсем құбылыстарына көз жүгірте алады.

Қазақстан үшін де бұл бағыттың маңызы ерекше. Түркістан, Сарайшық,

Берел қорғандары секілді тарихи орындарды заманауи медиа құралдар

арқылы дәріптеу ұлттық мұраны сақтауға және туризмді дамытуға ықпал

етеді.Тіпті, тек мектеп қабырғасында оқытылып жатқан

Беғазы-Дәндібай;Ботай мәдениеттерінің сұлулығы әлеуметтік желінің

басы-қасында жүр.Демек, тарихи орындарды насихаттауда дәстүр мен

технологияны ұштастыру-болашақтың тиімді жолы.Болашағымыз жарқын

болсын десек,тамыры терең тарихымызды қашанда дәріптеп жүру-біздің парызымыз.

 


Ұқсас тақырыптар

Тарихи орындар

WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)