Ақын қызбен кездесуді арманыма балаған едім…

Басты бет / Ақын-жазушылар / Ақын қызбен кездесуді арманыма балаған едім…

Ақын қызбен кездесуді арманыма балаған едім...

   Биылғы оқу жылы кітап оқу үшін ерекше мәнді болғаны сөзсіз. Кітап – адамның жан-дүниесін байытатын рухани қазына. Қаншалықты көп оқысаң, соншалықты көркем сөз бен шабытқа, жігерің жасымас рухқа, қуатты да шуақты ойға кездесерің анық-ақ. Сондай бір белесі биік жоба деп айтуға болатын бұл ұлттық жобаға барша оқушылар мен ұстаздар қауымы үлкен үлесін қостық.  «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында №36 ЖББМ КММ кітапханасында мектеп оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Сағынтайқызы бірлесіп, ақынмен кездесу ұйымдастырып едік. Оған басты себеп оқушы бойындағы жаңа ғана қалыптасып, жан-жақты серпіліс тауып жатқан мәдени сананың  рухани аштықтан құтылуға ұмтылысы, яғни, рухани мәдениеті жоғары жас буынның қалыптасып, болашаққа жасымай баруы еді. Жалпы, интеллекті жоғары ұрпақ қай заманға болсын аса керек. Осыған байланысты ең алдымен жас буынды жас ақынмен кездестіріп, сырбаз сезім мен сырлы сөздермен сусындатып алуды жөн көрген мұғаліміме алғысым шексіз.
   Сонымен, мектебімізде жас ұрпақтың санасына үлкен серпіліс берген "Мұқағали-жыр әлемінің жарық жұлдызы" атты дәстүрлі әдеби сазды кеш өткізіліп, кештің қонағы жалынды жырларын әуелеткен жас ақын, «Бозмұнар» өлеңдер жинағының авторы Таңсәуле Әгенқызы болған еді. Жас ақынды оқушылар қауымы болып ерекше ықыласпен қарсы алдық. Өзін балалық шағына қайтып оралғандай сезінген ақын қыз оқушылармен ашық-жарқын сырласып, оқушылар да көкейлерінде тұрған сұрақтарын қойып жатты. Әсіресе, 5Ә сынып оқушылары Мұқағали Мақатаевтың жыр шумақтарын жатқа оқып, кешіміздің қонағын сүйсінткенімен қоймай,ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді әуелетесалып, күмбірлетіп күй де шертті. Осылайша жас буын мен жас ұрпақ өзара керемет сұхбат жасасты. Кеш соңында Таңсәуле Әгенқызы мектеп кітапханасына және оқушыларға арнап "Бозмұнар" жыр жинағын табыс етті. Көзі қырағы ақынға көзінде оты барымен, сөзінде шуағы барымен ұнаған оқушы Нұртас Кәусар болды. Ақын өзінің кітабын оқушыға табыстамас бұрын ерекше лебізін білдіріп, оқушыларға жүрекжарды тілектерін айтты. 
    Ақын қызбен кездесу  - әпкеңмен сырласқан жай кеш емес, әр оқушының бойында шымырлатқан сезім оятып, санасында рухани серпіліс жасаған рухы биік кеш болды. Жас ұрпақты тәрбиелеудееңбектеніп жүрген мұғалімімізге  керегі де осыемес пе?! Ұстаздық жолын шығармашылықпен ұштастыра білетін мұғалім Айгүл Сағынтайқызы әр оқу жылында біздерді Қарағандыға аты мәлім ақын-жазушылармен кездестіруді дәстүрге айналдырған. Осыған дейін №36 жалпы білім беретін мектебінің төріне ақын-жазушылар Серік Сағынтай, Мирас Асан, Қайрат, Ерболат ағаларымызды шақырған едік. Келесі оқу жылына да мұғалімнің өзіндік жоспары барына шүбә келтірмеймін. 
                            

Қарағанды қаласы,
«№36 ЖББМ» КММ түлегі 
Медина Тулеубаева.        


Ұқсас тақырыптар

Ақын-жазушылар кітап кездесу

WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)