Жастар және еріктілік

Басты бет / Әңгіме мен мақала / Жастар және еріктілік

Жастар және Еріктілік(волонтерлік) Қазіргі күні жастар көптеген салада өздерін жақсы қырынан көрсетуде.Сондай салалардың бірі — еріктілік яғни волонтерлік. Бүгін мен осы мақаламда Қазақстандағы танымал еріктілер клубтарын атап өтіп, жеке тәжірибеммен бөліссем деймін.Алдағы уақытта бұл мақаланы оқыған әр оқырманымның ерікті болуға деген ынтасын арттырамын деп үміттенемін. Ерікті болу менің өмірімде қандай орын алады? Мен 2024-2025 жылдан бастап ерікті болуға қызыға бастадым.Басында бұл қызығушылық жай ғана шет елге оқуға мақсатымен пайда болған еді.Алайда ,волонтер ұйымына қатысып, жаңа адамдармен таныса бастаған сәтте — мен үшін бұл нәрсе маңызды екенін түсіндім.Елде 750-ден астам волонтерлік бірлестік пен 2 мыңға жуық бастамашыл топ белсенді жұмыс істейді. Сол қауымдастықтың қатарына —UNICEF волонтерлік ұйымы кіреді. Бұл ұйым көптеген елге танымал волонтерлік ассоциация.Мен осы ұйымның мүшесімін және бұл менің өмірімде қабылдаған дұрыс шешімдердің бірі болып шықты. Ең бірінші айтып кетерлік нәрсе ол —жақсы орта. Ұжымның ауызбіршілігі мен әр жас волонтерге жақсы бағыт-бағдар бере алуы мен үшін басты құндылықтардың бірі.Оған дәлел,менің тұйық мінезімнен арылып,адамдармен тез тіл табыса алатын адамға айналуым. Мен ұйымға алғаш қосылған сәттен бастап, белсенді еріктілер мені өз қатарына қабылдап, ортаға тез бейімделуіме көмектесті.Солай мен жаңа қырымнан ашыла бастадым. Екіншіден , айналаға көмектесуден ләззат алу.Волонтер болмай тұрып бұл нәрсені жалпылама түсінетінмін.Бірақ ,өзім қатысқаннан кейін ,айналаңа пайдалы болу арқылы адамның жан дүниесінің қалай өзгеретінін түсіндім. Бұл қорытындыға мен көмекке мұқтаж балалармен жұмыс істегеннен кейін келдім.Оларға білім, көмек берудің өзі мені өзгеше сезімге бөледі. Егер мен сияқты белсенді жұмыс істейтін ұйымдардың қатарына қосылғыларыңыз келсе- таңдау көп.Қазақстанда көптеген белсенді топтар жұмыс істейді,бірақ ең танымалдарын атап өтсем: QazVolunteer —Қазақстандағы ең ірі волонтерлік платформа. Мұнда мыңдаған волонтерлер мен жобалар тіркелген, әр адам өзіне ұнайтын бағытты таңдай алады . Biz Birgemiz -бұл Қазақстандағы танымал волонтерлік қозғалыстардың бірі.Ұйымның қызметтеріне: мұқтаж адамдарға көмек беру,қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және төтенше жағдайларда қолдау көрсету жатады. UNICEF-бұл бүкіл әлемде балалардың құқықтарын қорғаумен айналысатын халықаралық ұйым. Оның қызметтеріне: балалардың құқықтарын қорғау;білім беру және денсаулық жобаларын жүзеге асыру;волонтерлік бағдарламалар ұйымдастыру;жастарды дамытуға көмектесу кіреді. Қорыта айтар болсам ,менің еріктілер қатарындағы тәжірибем өмірге деген ұстаным мен қоғамға деген көзқарасымды өзгертті.Біреуге көмегіңнің тиюі-адамның жан дүниесін толықтай өзгертетін жақсы іс екенін сезіне білдіңіз деген үміттемін.Сонымен қатар,қоршаған ортаға айтып кеткен ұйымдармен жұмыс істеуге деген ынтаңыз артты деген сенімдемін.”Игі іс өлмейді, Ізгі ой өлмейді” дегендей, ең бастысы— игі істі шын ниетпен жасай біліңіз!


Ұқсас тақырыптар

волонтер еріктілер

WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)