Қазақ жеріндегі пайдалы қазбалар

Қазақ жеріндегі пайдалы қазбалар»
 
  Еліміз пайдалы қазбаға бай. Оны қазақтан шыққан академик, геолог – Қаныш Сәтбаев біраз жыл бұрын дәлелдеп кеткен. Бақытымызға орай бүгінгі күні еліміздің әр өңірінде пайдалы қазба жетіп артылады. Қазақ жеріндегі пайдалы қазбалардың картасы тұңғыш рет Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен қолға алынған. Ал бүгінгі күні картадағы қазбалардың басым көпшілігі қазақ жерінде қолданыста. Жалпылама, Қазақ жеріндегі пайдалы қазбалар 3 түрге бөлінеді:
 1-топта : Металл кендері: темір, алтын, мыс, қорғасын қазбалары.
  2-топта: Энергиялық пайдалы қазбалар: мұнай мен көмір қазбалары еліміздегі ең басты энергиялық пайдалы қазбалары.
  3-топта: Химиялық және бейметалл қазбалар:
Фосфорит, ас тұзы, барит, флюорит қазбалары, сонымен қатар құрылысқа арналған шикізаттар:
әктас, қиыршық тастар, цемент, гранит жатады.
 Ең алдымен металл өнімдері жайлы сөз қозғасақ. Темір –  құрылыс және машина жасау саласында басым қолданылады. Сонымен қатар шойын, болат өндіруде, көпір, техника, теміржол қүрылысында қолданылады. Елімізде темірді Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Аят кен орындары өндіреді.
  Алтын – бағалы әрі қымбат пайдалы қазба. Бақытымызға орай бұл қазба да Қазақстанда өндіріледі. Алтынды көбінесе зергерлік бұйымдарда, медицинада қолданады. Бақыршық, Ақсу, Бестөбе, Жолымбет, Қызыл кен орындары алтын өндіруде.
  Мыс – еліміздегі ең қажетті пайдалы қазбаға жатады. Мысты Жезқазған, Бозшакөл, Ақтоғай мекендеріндегі кен орындары шығарады. Мысты электр сымдарын жасауда әбден болады.
  Қорғасын – улы қазба. Жылы әрі ауыр. Әдетте қорғасын жылу мен электрді нашар өткізетін болып келеді. Қорғасын Риддер, Өскемен, Зырян, Шымкент маңында орналасқан.
 Қазақстанның ең басты пайдалы қазбалары: мұнай, газ, көмір. Әрқайсымен жеке-жеке танысайық.
 Мұнай – Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан. Мәселен, Атырау, Ақтау, Жетібай, Құмкөл, Жаңажол жерлерінде қара алтын өндіріледі.
  Көмір –  Қарағанды, Екібастұз, Торғай жерлерінен шығады. Еліміздің осы өңірінен өнделіп шығатын бұл қазба түкпір-түкпірді қамтамасыз етеді.
   Пайдалы қазбалардың 3-тобында құрылыста, күнделікті өмірде пайдаланатын қазбалар десек те болады.
    Мемлекетіміз табиғи ресурстарға бай, минералдық қорлары жағынан әлемде бастапқы орында. Кең байтақ еліміздің қойнауы түрлі металдарға, пайдалы қазбаларға, құрылыс материалдарына толы. Бұл байлықтар ел экономикасының, өндірісінің дамуына және әлеуеттің артуына зор үлес қосады. Осыған қарай отырып, Қазақстанды табиғи ресуртарға да, пайдалы қазбаларға да бай мемлекет деп танимыз.


Ұқсас тақырыптар

ғылым
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)