Бірнеше секунд ішінде эссе жазып, сурет салып, тіпті музыка шығаратын жасанды интеллект дамыған заманда адамның ерекшелігі неде? Ертең технологиялар адамды алмастыра ма? Әлде адам әрқашан ең басты құндылық болып қала бере ме?
Қазіргі таңда технологияның ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі – жасанды интеллект. Ол адамның ойлау қабілетіне ұқсас түрде ақпаратты талдап, шешім қабылдауға көмектесетін заманауи жүйе. Жасанды интеллект ақпаратты қысқа уақыт ішінде өңдеп, көптеген тапсырманы жоғары дәлдікпен орындай алады. Соның арқасында ол адам еңбегін жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.Бүгінде жасанды интеллект әр салада ерекше орын алады.
Мысалы, медицинада дәрігерлерге ауруларды ерте анықтауға, медициналық суреттерді талдауға және де науқастарды емдеу жолдарын таңдауға көмектеседі. Білім саласында оқушыларға да оқытушыларға да көмек береді. Ол сабақ жоспарын дайындауды жеңілдетіп, әр оқушыға жеке бағдарлама ұсынуға көмектеседі.
Жасанды интеллекттің мүмкіндіктері өте кең. Ол бірнеше секунд ішінде сценарий жазып, ақпаратты жылдам өңдеп, сурет пен дизайн жасап, код жазып, деректерді талдай алады. Музыка жазып тіпті мультфильм мен киноларға дейін шығара алады.
Жасанды интеллектіні қолдану мен дамыту қарқынды түрде өсіп келеді. Деректерге сәйкес, 2025 жылы ChatGPT – дің апталық пайдаланушыларының саны шамамен 800 миллионға жетті, ал күн сайын оны 120 миллионнан астам адам қолданған. Зерттеулер бойынша, кеңсе қызметкерлерінің 74% - ы жасанды интеллект құралдарын тұрақты пайдаланады. Бұл ақпараттар арқылы жасанды интеллектінің қоғамға өте тез еніп жатқанын байқауға болады. Көптеген мемлекеттер жасанды интеллектіні дамытуға арналған ұлттық стратегиялар қабылдауды көздеп отыр және де ЖИ – ді дамытуға көптеген қаржы бөлінуде. 2025 жылы әлемдегі ірі технологиялық компаниялар (Amazon, Microsoft, Meta, Alphabet) жасанды интеллект инфрақұрылымын одан әрі дамытуға жалпы 320 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салуды жоспарлады. Бұл жасанды интеллектінің болашаққа маңызы зор екенін көрсетеді. Осындай қарқынды даму көпшілікті “Жасанды интеллект болашақта адамға бәсекелес бола ма?” деген сұраққа жауап іздеуге жетелейді.
Жасанды интеллектті дамыту үрдісінен Қазақстан да шет қалып жатқан жоқ. Елімізде цифрлық технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлініп, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету салаларына жасанды интеллект элементтері енгізілуде. Сонымен қатар осы бағыттағы мамандарды даярлау мен инновациялық жобаларды қолдауға басымдық берілуде.
Жасанды интеллект кейбір мамандықтарға бәсекелес болуы мүмкін. Алайда, адамды адам ететін қасиеттер – сезім, ар – ождан шығармашылық пен жауапкершілік – әлі күнге дейін ешбір технологияның қолынан келмейді.
Жасанды интеллектінің оң әсерімен қатар кері әсері де бар. Біріншіден, ЖИ түрлі қателер жіберуі мүмкін сондықтан маңызды ақпараттарды сенімді, ресми дереккөздерден алған жөн. Екіншіден, кейбір мамандықтардың автоматтандырылуы нәтижесінде,жұмыс орындарының қысқаруына әкелуі мүмкін.Үшіншіден, жасанды интеллектіні шамадан тыс қолдану әсерінен сыни ойлау, талдау, шешім қабылдау қабілеттері әлсіреуі мүмкін. Сонымен қатар,жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ықтималдылығы төмен. Сондықтан да жасанды интеллектті саналы түрде пайдалану маңызды.
Технологияның қарқынды дамуы адамзатқа жаңа мүмкіндіктер сыйлағанымен, оның орнын толық баса алмайды. Технологияның қаншалықты жетілгені емес, оны қалай қолданатынымыз маңызды. Сондықтан жасанды интеллектіні бәсекелес емес, адамның мүмкіндігін арттыратын көмекші ретінде қарастырған жөн.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі