Қорқыт атаның нақыл сөздері

Қорқыттың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні зор. Олар өмірдің қай кезеңінде болмасын маңызын жоғалтпайды, кез-келген уақытта көмегін береді. Себебі, олар – тәрбие мен адамгершіліктің қайнар көзі.

Қорқыттың нақыл сөздері түрлі тақырыптарды қозғайды. Соның бірі – отбасы құндылықтары. Отбасы – адамның алғашқы мектебі, тәрбие басы. Қорқыт ата мұны жақсы білгендіктен, артынан осы жайлы шешен сөздер қалдырған. Мысалы, "Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым көрмеген ұл жаман" деген нақыл сөз бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін айқындап, ата-ана баланың айнасы екенін білдіреді. Ал "Ананың көңілі балада", "Жақсы ана үшін бала – екі көздің сыңары" деген ұлағатты сөздер ананың балағыюа деген махаббаты шексіз екенін ұғындырады. 

Алайда Қорқыттың даналығы мұнымен бітпейді. Оның дін, адамгершілік, еңбекқорлық туралы нақыл сөздері көп. "Ат қиналмай жол қалмас" деген нақыл сөз әрбір істің өз қиындығы барын білдіреді. Әрине, бұл өмірде ешнәрсе тегін келмейді. Ал "Қар қанша қалың жауғанымен, жазға бармас" сөзі "Ештеңе мәңгі емес"деген мағынада айтылған. Бұл сөздердің жаны бар екені сөзсіз, себебі осы дүниедегі әрбір жан – қонақ. Біздің бәріміздің уақытымыз келгенде кететін жеріміз бір. Сол себепті, тірі жүргеніңде өміріңді дұрыс сүр.


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)