Астана мектептеріне 24 мың қосымша оқушы орны қажет. Бұл туралы 19 қарашада жарияланған AIMAQ подкастында қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді.
Басқарма басшысының айтуынша, орын тапшылығы қаланың бірнеше бөлігінде байқалады. Оның жартысына жуығы Сарайшық ауданындағы Тәуелсіздік сарайы мен «Нұрлы жол» вокзалының арасындағы аумаққа тиесілі. Алматы ауданындағы Тоқпанов көшесінің бойында орналасқан жаңа шағынауданда мектеп салынып жатыр.
Елордада қазір 337 мыңға жуық оқушы білім алады. Биыл бірінші сыныпқа 33 мың бала қабылданған.

- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі