Қытайдың Хань династиясының алтыншы императорының қабірінен табылған шайды әлемдегі ең ежелгі шай деп санауға болады. Жапырақтарының жасы шамамен 2150 жылды құрайды.
Бұл жаңалықты б.з.д. 156-141 жылдары өмір сүрген Цзин-ди императорының қабірін зерттеу барысында Қытай ғылым академиясының ғалымдары ашқан. Қытай тарихында ол дербес елді басқарып отырған князьдердің құқығын шектеу арқылы орталық билікті нығайтқан мықты қолбасшы ретінде есте қалған. Оған қоса Цзин-ди салықтарды қысқартып, қылмыстық істерге тағылатын айыптарды жеңілдеткен. Хань династиясының алтыншы императорының жолы саяси шытырмандар мен сатқындыққа толы болғанымен – ол билік жүргізген жылдар қытай тарихының алтын кезеңі болып саналады.
Аңызға айналған императордың қабірі 1990 жылдары Шэньси провинциясының Янлин өңірінде табылды, алайда ғалымдар қабірді әлі күнге дейін зерттеп жатыр. Қабірде табылған органикалық заттардың қалдықтарынан жасалған анализдер онда жоғары сұрыпты шай жапырақтарының болғанын анықтады. Бұған дейін әлемнің ешбір қабірінде шай табылмаған.
Сүйікті сусынымен қатар, император о дүниеге тары мен саумалдықтың дәндерін ала кеткен. Бұдан өзге, қабір кешені көптеген түрлі заттардан тұрды: шынайы мөлшердегі екі аяқты күйме арба мен сарбазардың кішкентай сұлбаларына дейін. Олардың кейбірі қазір музейге қойылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі