X-43A деп аталатын гипердыбыстық ұшақ әлемдегі ең жылдам ұшақ саналады. X-43A аппараты таяуда жаңа рекорд орнатты – сағатына 11230 шақырым жылдамдық, осылайша дыбыстың жылдамдығынан 9,6 есе асып түскен.
Салыстырып көріңіз: реактив жойғыш ұшақтары дыбыс жылдамдығымен пара-пар немесе одан екі есе қатты жылдамдықпен ұша алады.
X-43A аппаратының қанаттарының ұзындығы 1,5 метр, ұзындығы 3,6 метр. Оған орнатылған scramjet (Supersonic Combustion Ramjet) қозғалтқышы дыбыстан жүйрік жанатын сынақ қозғалтқышы. Оның ерекшелігі үйкеліспейтін детальдарының болмауында, ал отын ретінде сутек пен оттектің қоспасы қолданылады. Оттек арнайы бактарға жиналмайды, қоршаған ортадағы атмосферадан алады, мұның арқасында аппараттың салмағын айтарлықтай азайтады. Ал пайдаланылған газында зиянды қалдық жоқ, ол тек су буы секілді.
Бұл жобаны жасаған NASA ғарыш агенттігіне Гиннестің Рекордтар кітабын шығаратын Guinness World Records-тан сертификат берілді, бұл сертификат аппараттың әлемде ең жылдам екенін растайды.
X-43A ұшағын құрастырудың мақсаты – турбореактив қозғалтқыштардың гипердыбыстық баламасын сынақтан өткізу. Ғалымдардың пікірінше, гипердыбыстық ұшақтар әлемнің кез келген нүктесіне 3-4 сағатта жетететін мүмкіндігі бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі