Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан құрамасы - футзалдан Европаның қола жүлдегері

Айтулы оқиға Сербияның астанасы Белградта орын алды. Қазақстан құрамасы бұл турнирге алғашқы рет қатысып отырғанына қарамастан, қола жүлдені жеңіп алды. Европаның азулы командаларын шаң қаптырып, біздің құрама жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ширек финалда біздің команда Европа чемпионы Италияны 5-2 есебімен тізе бүктірген болатын. Өкінішке орай,жартылай финалдық кездесуде әлем чемпиондары испандықтармен өткен тең ойында 3-5 есебімен жеңіліп қалды. Алайда, 3-орын үшін өткен матчта қазақстандық ойыншылар тамаша ойын өрнегін көрсетіп, алаң иелері Сербияны 5-2 есебімен жеңді. Қазақстандықтар сапында голдарды Дуглас(3 гол), Жаманқұлов және қақпашы Игита бір-бір голдан соқты. Топтық кезеңде Ресей мен Хорватия құрамаларының арасында 2 - шi орынды иеленген болатынбыз. Қазақстан бапкері бразилиялық  Какаудың пікірінше, бұл жетістік - елімізде осы спорт түрінің дамуына серпін берері сөзсіз. Сондай-ақ, шабуылшы Серік Жаманқұлов турнирде 6 гол соғып, португалиялық Рикадиньомен бірге,  жарыстың үздік шабуылшылары тізімін бастады. Бүгін финалдық кездесуде Испания мен Ресей құрамалары күш сынасады


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз