Ақтөбе қаласы
№49 жалпы орта білім беретін мектептің
Бастауыш класс мұғалімі Бисенбай Зинет Алтайқызы
Мақсаты: Қасым Аманжолов туралы мағұлмат бере отырып «Көктем» өлеңінің мағынасын ашу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Саб типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ жуап
Көрнекілігі: слайд, сөзжұмбақ
Сабақ құрылымы:
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, түгендеу;
Назарларын сабаққа аудару;
Психологиялық дайындық
Өзіңі сен, өзіңнің күшіңе сен
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен
Алысың да сыйлайды, жақының да,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.
Үй тапсырмасын сұрау:
Тұманбай Молдағалиев «Гүлдер»
Өлеңді жатқа айту
Бекіту:
Тұманбай Молдағалиев кім?
Қандай шығармалары бар?
Алғаш қандай оқу орнын бітірді?
«Гүлдер» өлеңі не туралы?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Балалар қазір қандай мезгіл?
Көктем
Көктем қандай айлардан тұрады?
Наурыз, сәуір, мамыр
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктемгі табиғат: |
- құстар келеді
- күн жылынады
- қар ериді
- ағаштар бүршік атады
Ендеше бүгінгі өтетін біздің тақырыбымыз
Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңі
Қасым Аманжолов кім?
«Көктем» өлңін оқып беріп, түсіндіріп беремін
Барлық оқушыға мәнерлетіп оқытамын
Бірінші шумағын бір оқушыға, соңғы шумағын бір оқушыға оқытамын. Оқығандары туралы әңгімелету.
Ақын табиғаттағы нелерді адамға ұқсатып суреттеген.
Балалар кейіптеу дегеніміз не?
Кейіптеу табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып, тағы басқа кейіпте суреттеуді айтамыз
Балғын өмір ғажайып,
Жас дауыспен жамырап. Деген өлең жолдарын оқушылардан сұрау. Оқушыларды сөйлету. Оқушыларға сөз жұмбақ шешкізу.
< >Наурызда дайындалатын ұлттық тағам Өз атын өзі шақыратын құс? Қазір қандай мезгіл? Қасым Аманжолов өлеңі Табиғат құбылысын жандандырып суреттеу қалай аталады? Көктемнің соңғы айы?
Ерекшеленіп тұрған тор көзде «КӨКТЕМ» сөзі шықты.
Екі топ көктем мезгіліне байланысты сурет салып, салған суреттерін әңгімелейді.
Көктемдегі табиғат өзгерісіне қарап өлең шығару
Өзен жатыр арқырап,
Айдын жатыр жарқырап,
Көкте бұлттар күркіреп
Жауды жаңбыр сіркіреп.
Асау өзен, айдын көл, асқар тау, жас ағаш сөздерін пайдаланып «Көктем» тақырыбына әңгіме құрап жазу.
Бекіту
Қасым Аманжолов кім?
Қандай шығармалары бар?
Қандай отбасынан шыққан?
«Көктем» өлеңі не туралы?
Үйге тапсырма беру
Қасым Аманжолов «Көктем» өлеңін жаттау
Бағалау
Қатысымдары бойынша бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
- Пётр Пороховщиков
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі