Өлең, жыр, ақындар

«Пантера» танкінің тарихы

«Пантера» мен Т-34 танкілерін атамай Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын айтып беру мүмкін емес шығар. 30-жылдардың соңына таман жаңа дәстүрлі танкті құрастыруды Неnschel компаниясы өз мойнына алды. Алайда немістер Кеңес Одағының армиясымен соғысқан бірінші айында өзгерістер болды. Қызыл армияның Вермахтың PzKpfw ІІІ және PzKpfw ІV танкілерінен сипаттамасы жөнінен мықтырақ болған Т-34 танкісін қолдану тәжірибесін зерттегеннен кейін отыз тонна тартатын машинаны жобалау тоқтап қалды. Осы сәттен бастап «Пантера» танкісінің тарихы басталады, бұл уақытта Герман әскері «Даймлер-Бенц» және «МАN» фирмаларына неміс бронетехникасымен шайқаста үздік болан кеңестік Т-34-76 танкісінің негізінде отыз бес тонналық танкті жасауды тапсырған еді. 

Калибрі 75 миллиметрлік ұзын оқпанды жаңа танктін жасау Rheinmetall фирмасына тапсырылады. Бір қызығы бұл шешімді Адольф Гитлердің өзі жасаған. Жобаланған танкіге «Пантера» атауы берілуі тиіс еді. 1942 жылдың наурызында «Даймлер-Бенц» фирмасы VK 3002(DB) танкінің прототипін ұсынды, ол Т-34 танкісіне өте ұқсас болды, қозғалтқышы дизельмен жұмыс істейтін. Фюрердің шешімімен 200 дана машинаның партиясын құрастыруға тапсырыс берілді, алайда Германияның әскери өнеркәсібінің шенеуніктерінің пікірі басқа еді. «Пантера» мен Т-34 танкілерінің ұқсастығынан оларды ұрыс алаңында қай елдікі екенін білу қиын болып, өз артиллериясының шабуыла ұшырау қатері төніп тұрды. 

Сарапшылардың басым бөлігі «МАN» фирмасы ұсынған прототивті таңдағысы келді. Жеңімпазды анықтау үшін құрамына сарапшылармен қатар Үшінші Рейхтің қолбасшылары кірген «Панцеркомиссия» құрылды. Ұсынылған прототиптерді зерттеу 1942 жылдың мамырына дейін созылды. Нәтижесінде «МАN» фирмасы ұсынған бронемашина таңдалады. Ал «Пантераның» бірінші нұсқалары сол жылдың күзіне қарай ғана сынаққа тартылды. Бірақ танктердің төбесі де, қаруы да болмады. Сынақтар кезінде табылған ақауларды жою «Пантераны» неміс әскерінің жедел пайдалануына мүмкіндік бермеді.

Бұл жаңа танкті қаруландыру ісінде де қиындықтар пайда болды. Фюрердің тапсырмасы бойынша, «Пантераға» 75 миллиметрлі зеңбірек орнатылуы тиіс еді. Қаңқасының құрылымындағы, жүрісіндегі, қарулануындағы проблемалар мен ақаулардың кесірінен танктің бірінші даналарын шығаруды 1943 жылға дейін созып тастады. Сол уақытта PzKpfw V «Пантера» деген ресми атау берілді, оның мағынасы – Т5

Танктердің бірінші партиясы әскери қақтығыстарға қатыспаған бөлімшелерге жіберілді, ал бір жылдан кейін оның атауы PzKpfw V Ausf D1 болып өзгерді. Майданға PzKpfw V Ausf D2 деген атауы бар танктердің екінші партиясы жіберіледі. Бұл модификациясының бастапқы нұсқасынан бірнеше сипаты бойынша ерекше болды. Олардың маңдай броны күшейтіліп, зеңбірегіне екі камералық желді тежегіш орнатылды. Төбесіне болса түтін бүркеуші құрылғысы орнатылды. Сонымен қатар, танктің жалпы қуатын арттыратын өзге де ерекшеліктері болды.

Мамыр айында неміс қолбасшылығының әскері «Цитадель» деген атаумен Курск доғасында ірі масштабты шабуылды жоспарлап отырған еді. Бұл мақсатта Вермахтың механизацияланған қаңқасын көптеген жаңа «Пантералармен» бекіту жоспарланды. Алайда бұл жоспар жүзеге аспай қалды. Құрылысындағы шалалықтар мен машина өндіру ісінің күрделілігі шабуылды 1943 жылдың шілдесіне дейін кешіктірді. «Цитадель» операциясының басталуына дейін 422 «Пантера» танкісі өндірілді.

Курск доғасындағы шайқастар «Пантералар» үлкен жетістікке жетті деуге де болмайды. 195 танкінің 127-сін Қызыл армия әскері жойып жіберді. Мұнымен қатар, Т-5 танкісі Т-34 танкісінің нағыз қарсыласы болып шықты, себебі оның қаңқасы мен төбесі қуатты еді, ал ең бастысы 1 шақырым қашықтықта тұрған бронды қирататын ұзын оқпанды қуатты зеңбірегі болды.

Ескі танкілерді жаңа «Пантералармен» ауыстырып отыру жылдам жүрсе де, бұл танк бөлімдеріне қажетті жаңа бронетехникалардың санын көбейтіп жібере алмады. Жаңа «Пантераларды» өндірудің қиын болуына және шығындардың көп болуына байланысты, олардың бір данасын әр дивизияның бір ғана батальонына жеткізу мүмкін болды.

1943 жылдың шілдесінде Т-5 «Пантера» Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық ұрысына қатыстырылды. Бұл техника кеңестің Т-34 және КВ танкілеріне нағыз қарсылас болды. «Пантера» танкі қатысқан соңғы шайқас Венгриядағы Балатон көлінің аймағында болды. Бұл шайқаста кеңес әскері PzKpfw V танкілерін көптеп жойды, бұл өз кезегінде Вермахт әскеріндегі Т-5 танкілерінің санын едәуір кемітіп тастады.

«Пантера» қатысқан шайқастарда неміс армиясы осындай машинаның бес жарым мыңынан аса данасын жоғалтты. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін PzKpfw V танкілері өндірістен алып тасталды, бірақ бұл машиналарды олжа ретінде алған Франция, Венгрия, Чехословакия елдерінің әскері оларды пайдалана берді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз