ОҚО Шымкент қаласы № 103 ЖОМ
4 «Б» сынып оқушысы: Бөлен Аружан
Сынып жетекшісі: Алданова Жанат
Көктем мезгілі - жыл мезгілдерінің ішіндегі ерекше мезгіл. Себебі: бұл мезгілде тіршіліктің жаңару кезеңі басталады. Қыстың суығы кетіп, қар еріп, жер бетінің көгеретін кезі. Көктемнің белгісі болып есептелетін бәйшешек гүлі шығады. Сол сәттен бастап күн жылынып, шөптер, түрлі гүлдер шыға бастайды. Баулардағы, көшелердегі, үй маңындағы ағаштар бүршік атып, түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алады. Дихандар жер жыртып, егін егуге дайындала бастайды. Бұл мезгілде «8-наурыз халықаралық әйелдер мен қыздар мерекесі» және «Наурыз - ұлыстың ұлы күні, яғни қазақ халқының жаңа жыл мейрамы» тойланады.
8-наурызда аналарымызды, әжелерімізді, әпке-жеңгелерімізді, достарымыз бен ұстаздарымызды мерекелерімен құттықтап, гүлдер сыйлап, өлең шумақтарын арнаймыз.
Ал 22-наурыз мерекесінде үлкен-үлкен жайлау алаңдарда киіз үйлер мен алтыбақандар құрылып, халық ұлттық киімдер киеді. Ұлттық тағамдар жасалып, ұлттық ойындар ойналады. Бұл мерекенің ерекше ұлттық тағамы - наурыз көже.
Көктем мезгілінің әдемі көрінісі қызу тіршілік иелерінің барша әрекеттері талай ақындардың шығармаларына арқау болған. Өз туындыларында оданда айқын бейнеленген.
Маған көктем мезгілі ұнайды!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі