Арулардың шуақты мерекесінің қарсаңында 8 наурыз туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
Бұл мереке теңдік үшін күрескен жұмысшы әйелдердің арқасында дүниеге келген. «Халықаралық әйелдер күні» идеясы Клара Цеткинге тиесілі. ХХ ғасырдың басында Клара өзінің құрбысы Роза Люксембургпен бірге өзге қыз-келіншектерді алаңға шеруге шығуға шақырған. Олардың бар көздегені – әйелдер проблемасына көптің назарын аударту еді.
****
Арулар мерекесі Ежелгі Римде де атап өтілген. Бұл күні римдіктер өз жұбайларына сыйлық жасап, тіпті күңдерге де демалыс берілген екен. «Құлға да бір күн демалыс» деген осы!
****
1912 жылы әйелдер қауымы өз мерекесін 12 мамырда тойлаған. Нәзік жанды арулар меншікті мейрамын тек 1914 жылдан бастап 8 наурызда атап өтуге көшіпті.
****
Кеңестік кезеңде 8 наурыздың басты гүлі мимоза саналды. Бірақ, шын мәнінде Әйелдер күні десе, бірден есімізге мимоза емес, күміс түстес қараған түседі. Қараған мимоза тұқымдас өсімдіктердің қатарына жататындықтан, жұрт та гүл мәселесінде жаңылысып қалғанға ұқсайды.
****
1914 жылдың 8 наурызында Кеңес одағында «Жұмысшы» журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Ал, 1950 жылы әйелдер күнінде КСРО атом бомбасының бар екенін айтып, жарияға жар салды. Ең қызығы, «Жұмысшы» журналы әлі күнге дейін бар.
****
1910 жылдың 8 наурызында француз ұшқышы Элиз де Ларош әлемдегі аэроплан басқаратын тұңғыш әйел-ұшқыш атанды. Бұл атақтың ұшқышқа дәл сол күні берілуі жай ғана кездейсоқтық болды. Өйткені, ол кезде әйелдер мерекесі тойланбайтын еді.
Бүгінде 8 наурыз әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Олар: Армения, Әзербайжан, Ауғанстан, Беларусь, Буркина-Фасо, Вьетнам, Гвинея-Бисау, Грузия, Замбия, Қазақстан, Камбоджа, Қырғызстан, Кирибати, Қытай, Коста-Рика, Куба, Лаос, Мадагаскар, Молдова, Моңғолия, Непал, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түркменстан, Уганда, Өзбекстан, Украина, Хорватия, Черногория, Эритрея, Латвия.
****
Мадагаскарда 8 наурыз күні тек қыз-келіншектер ғана демалады, ер азаматтар жұмыс істейді. Ал, Қытайда бұл күн мереке болғанымен, жұмыс күні саналады. КСРО-да «Халықаралық әйелдер күнінде» демалу үрдісі 1966 жылдан бастау алған. Оның алдында қыз-келіншектер мейрам кезінде де жұмыс істеген екен. Бір қызығы, 8 наурыз Сирияда – Революция күні, Замбияда – Жастар күні, Малайзияда – сұлтан күні, Либерияда – құрбандарды еске алу күні болып саналады.
8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер
8 наурызға арналған ресми құттықтаулар
8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер, өлең жолдары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ореке
Бүгінгі «Әйелдермерекесінің» негізі – 1857 жылы 8-наурыз күні Нью-Йорк фабрикаларының тігіншілер іөткізген шерудің негізінде пайда болған дейді. Олар – он сағаттық жұмыс күнін және де еркектермен бірдей жалақы беруд італапеткен. Бірақ шын мәнінде аталмыш шеруді ұйымдастырған тігіншілер емес, жеңіл жүрісті әйелдер болатын. Олар мынаны талап етті… өздеріне қарыз болып қалған теңізшілерге жалақыларын беруді. Билік демонстрацияны тарқатып жібергенімен, артына өшпес із тастап үлгерді.Шерушілер осы күнді, яғни, 8-наурызды «ӘЙЕЛДЕР КҮНІ» деп атай бастайды. Және бұл ұйымды құрушылар жаңаша құқық талап етуін жалғастырады. Нәтижесінде бұлардың дүмпуі Еуропаға жетеді.