Өлең, жыр, ақындар

Кока-коланың зияны

******

«Кока атауы – кокаин өсімдігі атауынан шыққан. Одан «кокаин» атты жергілікті тағам өнімдері, есірткі (наркотик) және кока-кола атты сусын алынады.

«Кока-кола» – Американдық «The Coca-Cola Company» компаниясы өндіретін алкогольсыз газдалған сусын.

«Кока-кола» сусыны 1886 жылы АҚШ-та ойлап табылған, әлемнің 200-ден астам елдерінде сатылады.

Сусынның құрамы толық айтылмайды, коммерциялық құпия делінеді». (Википедия – ашық энциклопедиясынан).

******

Ішкі ағза және жүрек ауруларының мамандары коланың зияндарын былай баяндады:

Алғашқы 10 минутта: Қанға 10 шай қасығы мөлшеріндей шекер кіреді. Бұл күнделікті қажетті мөлшерден 100 есе көп. Құрамындағы фосфор қышқылының себебінен жүрек айнымайды.

20 минутта: Қанның құрамындағы шекер мөлшері  шамадан тыс көбейеді. Соның нәтижесінде шамадан тыс мөлшерде инсулин бөлінеді және қанның құрамындағы артық шекер бауырда май болып жинала бастайды.

40 минутта: Кофеин түгелдей қан айналым жүйесіне кіреді. Қан қысымы көтеріліп, бауырдан көбірек шекер бөлініп қанға өтеді және қанның құрамындағы шекердің мөлшері тағы да артады.

45 минутта: Мида дофамин гармоны артады және жағымды эмоция сезіледі. (Есірткі заттардың әсеріне ұқсас бір әсер береді.)

60 минутта: Қарын ашып, тағы да кола және тәтті сусын ішу қалауы пайда болады. Осындай айналым жалғасқан сайын бауырмен бүйректің майлануы артады, дененің бүкіл жасушаларында лептин мен инсулин тойтарысы орын алады. Семіздік кеселіне жол ашылып, бұл да көптеген дегенеративті аурулардың себепкері болып табылады.

Назар аудар:

Газдалған сусындар пайдалы ма?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

kz2015

Кері пікірлер де бар, тапсам жазам, мақаланы

abaikz

kz2015, бәріміз күтіп отырмыз қашан жазады екен деп... сарғайып кеттік) зиянды ма, пайдалы ма?

Исламбек

Əрине зиянды. Бүкіл ғалымдар мойындап отыр ғой

Бекзат

Ең зиянды сусын, қантты нәрсе пайдалы болмас

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер