Өлең, жыр, ақындар

Тіл ішіндегі тіл

Қоғамымыздың сыздауықтай мазалаған мәлеленің бірі- тіл мәдениеті. Мағжан атамыз:” мен жастарға сенемін” деген жолдауында бізге деген алып үміті,сенімі айқын көрсетілген. Біз осы сенімге лайықпыз ба? 

 

 

Әр мемлекеттің тірегі- ана тілі. Тіл әрқашан ұлтпен бірге өмір сүреді. Тіліміз жоғалса, ата-бабамыз қан төгіп, жанын берген, аяанбай атқарған еңбегі арқасында қол жеткізген тәуелсіздіктен айырылғанымыз, желбіреген көк туумыздан, әлемдік картадаға ойып тұрып алынған орнымыздан ығыстырылғанымызды білдіреді. Тәуелсіздік алғалы көп белестерге, асуларға қол жеткіздік. Аз уақыт ішінде мемлекетіміздің терезесі баска елдермен  теңесті. Бұның бәрін зая кетірмес үшін тіл білімінен бастаған жөн. Баланың тұла бойына ананың ақ сүті арқылы өз тіліде қалыптасады. Сәбиді дәріптеп, қазақ тілінің маңыздылығын насихаттап өсірген болатын. Ал қазір бесіктегі  баланы жұбату мақсатында қолына ұялы телефон беріп, өзге ұлт өкілдерінің видео-роликтерін қосып кояды. Бұл ертең өз тілінде сөйлеуге ұялатын, надан ұрпаққа алып келуі әбден мүмкін.

 

Ел болашағы-жастардың колында. Жастар арасында өз ойын нақты жеткізіп, қазақша таза сөйлейтіндер санаулы. Оған қоса шексіз бай әрі тегеуріні мықты тілімізді кедей, болашағы жок деп те санайды. Бұл мәселенің өршігені сонша, тілге тіл қосып, мәдениетсіз сөз сөйлеп, жаргон сөздерді орнықсыз пайдалану нормаға айналып отыр!

 

 

Қазақ тілінің қоғамдағы орны қандай жағдайда? 

Әрине, әр адам заман талабына сай болуға талпынады. Бірақ шет елдердің мәдениетін қанымызға сіңіріп, өз тілімізді, дәстүрімізді насихаттап, өзгеге үлгі болудың орнына ұмыт қылдырудамыз.

Қазір жастар:

Маяк тасташы- маған қонырау шал 

Задний берді- баруға, қатысуға бас тартты 

Косякка кіру- ыңғайсыздыққа тап болу

Общяга кел - жатаханаға кел және тағы басқада сауатсыз сөздер қолданып, әр алуан “паразит” сөздерді санамызға сіңдіріп тастаған сияқты.

 Қазіргі жастардың жағдайы осындай. 

Ең алдымен, қазақ тілінің маңыздылығын халыққа жеткізіп, балаға бесіктегі күнінен бастап, қазақ тілін бойына сіңіру керек. Қорытындылай келе, мыңжылдық тарихы бар тілімізді жоғалтып алмауға әрекет етейік. Басқа тілдермен араластырып, қор қылмайық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер