Адамзат өтірікті анықтау үшін қаншама аппараттар мен техникалар ойлап тапты: қан қысымын өлшеуіштер, тыныс алудың жиілігін есептегіш, дауыс ырғағының анализаторлары, көз қимылын бақылаушы приборлар, инфрақызыл ми сканерлері т. б.
Ал мәтіннің лингвистикалық анализі технологиясы адамның өтірік айтып тұрғанын анықтаудың 4 тәсілін ұсынады:
1. Өтірік айтушы көбінесе «ол, пәленше, олар» деген 2, 3 - жақтағы сөздерді қолданады. Осылайша ол өзін өтірігінен аулақ ұстауға тырысады.
2. Ол көбіне негативті болып келеді. Себебі, санасының түбінде бәрібір өзін кінәлі сезінеді. Айталық, «Менің мына жаман телефонымның қуаты сөніп қалыпты, жек көрем оны» дейді.
3. Олар, әдетте жағдайды түсіндіру үшін толыққанды өтірігін құрастырып болғанша әңгімесінің басында қарапайым сөздерді қолданады.
4. Әдетте өтірігін білдірмеу үшін ұзақ, шұбалаңқы, түсініксіз сөздерді айтады. Сөйлемдерінің арасына керексіз сөздерді жиі қосады. Осылайша, бір өтірікке бір өтірік жамалып, өтірік айту әдетке айналып кетеді.
«Денсаулығыңызды түзегіңіз келсе, алдымен өтірік айтуды доғарыңыз» дейді ғалымдар. Олар өтірік айтудың денсаулыққа зиян екенін анықтады: өтірікті жиі айтатын адамдар ашуланшақ келеді, басы жиі ауырады, қан қысымы жоғарылап, жүрек ауруларына да бейім келеді. Өтірік айту екіжүзділікке алып барады. Ол екеуі де үлкен күнәға жатады.
Сондай-ақ, біреудің сізге өтірік айтып тұрғанын сезсеңіз, оған күдікпен, жек көрушілікпен қарамаңыз. Керісінше, оның дұрыс емес екенін айтып, түсіндіріңіз. Бір рет өтірік айтты, енді оған ешқашан сенбеймін деп сенбеушілік танытуға тағы болмайды. Бір істің анық - қанығын білемейінше біреуге күмәнданып қарауға да тыйым салынған.
Оқуға кеңес береміз:
Өтірікті анықтаудың ортағасырлық әдісі
Өтірікті дауыстан танудың 5 түрлі әдісі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі